10 млн теңгеден беріледі: Қазақстанда 182 дәрігер коронавирустан көз жұмды
ҚР денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов Қазақстанда жыл басынан бері коронавирустан көз жұмған ақ халаттылардың санын атады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы ол Facebook-тегі парақшасында жазды.
"Соңғы шешім қабылданды, қаза болған медицина қызметкерлерінің барлығының отбасыларына/жақындарына 10 млн теңге көлемінде өтемақы төленеді. Осы аптаның соңына дейін ақша өтінім берушінің банктің есепшотына түседі. Қазақстанда коронавирус індетіне басталғаннан бері 182 ақ халатты абзал жан өмірден өтті", - деді Бағдат Қожахметов.
Еске салайық, бұған дейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда дәрігерлерге жәрдемақы төлеу кезінде бюрократиялық кедергілер әлі де жасалып жатқанын айтқан еді.
"Әскерден келген соң үйленеміз деп еді": Каспийде қаза тапқан сарбаздардың жақындары жанайқайын жеткізді
Жанардың айтуынша, отбасы Олжасты қуанышпен күтіп отырған
"Алдымен үйленейік, кейін Сирияға барайық": Бейтаныс адамдар әлеуметтік желі арқылы қазақстандықтарды қалай арбайды
Әлеуметтік желіде ер адамға Сирияға барып соғысуды ұсынған