Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тоқаев: Дәрігерлер өздеріне тиесілі ақшаны сұрамауы керек

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда дәрігерлерге жәрдемақы төлеу кезінде бюрократиялық кедергілер әлі де жасалып жатқанын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Ақорданың сайтына сілтеме жасап.

"Пандемияның екінші толқыны жағдайында дәрігерлер қайтадан ауыртпалықты өз мойнына алады. Біздің басты ресурстарымыз - дәрі мен қажетті құрал-жабдықтар емес, дәрігерлер. Медицина қызметкерлерін қолдау қажеттілігіне ешкім күмән келтірмейді. Менің тапсырмам бойынша жылдың екінші жартысында төлемдер үшін 150 млн теңгеден астам қаражат бөлінді. Алайда, жәрдемақы мен сақтандыру төлемдерін алу кезінде бюрократиялық кедергілер әлі де болса орын алуда. Жергілікті жерлерде жәрдемақылар бойынша сандармен ойнау жалғасуда, оларды таратуда әлі де ашықтық жоқ. Дәрігерлер өздеріне тиесілі ақшаны сұрамауы керек", - деді Тоқаев коронавирус пандемиясының екінші толқынына дайындық жөніндегі кеңесте.

Президент 2020 жылғы 30 қыркүйектегі пандемия кезеңінде коронавирустың салдарынан 182 медициналық қызметкер қайтыс болғанын айтты.

"Қазір бұл істер әр түрлі комиссияларда қаралуда, тек 37 отбасына жәрдемақы төленді. Бұл мүлдем жол берілмейтін жағдай. Өлімнің себебін анықтау көптеген қиындық тудырады",  - дейді Тоқаев. 

Талқылау