1 маусымнан бастап ауылшаруашылық өнімдерін экспорттауға қатысты шектеулер тоқтатылады
ҚР ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров ауылшаруашылық өнімдерін экспорттауға шектеулерді алып тастау туралы бұйрыққа қол қойды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Осы жылдың 1 маусымынан бастап ауылшаруашылық өнімдерін экспорттауға барлық шектеулер алынып тасталады. Экспорттық шектеулерді алып тастау туралы жаңа бұйрық 2020 жылдың 1 маусымынан бастап күшіне енеді", - делінген аталған министрліктің ресми сайтында жарияланған хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін, Қазақстан төтенше жағдай кезінде ел аумағынан бірқатар әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерін сыртқа шығаруға тыйым салды.
Ауылда тұратын математика мұғалімі 3 сағатта шетелдік видеоны қазақша сөйлететін қосымша жасап шықты
Дәуіт Сұраған негізі математика пәнінің мұғалімі
Жаңа вирус па: Қазақстандықтар бұрын-соңды болмаған ауру белгілеріне шағымданды
Маман: "Ауру белгілеріне қарап нақты қандай вирус жұққанын анықтау мүмкін емес"