Енді қарақұмықты жаппай сатып алудың қажеті жоқ: Қазақстан азық-түлік өнімдерін сыртқа тасымалдауға тыйым салды

Қазақстан төтенше жағдай кезінде ел аумағынан бірқатар әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерін сыртқа шығаруға тыйым салды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

экспорт

Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов тауарлардың тасымалына шектеу 22 наурыздан бастап күшіне енгендігін мәлім етті. 

Экспорталуына тыйым салынған әлеуметтік маңызы бар азық-түліктерге мыналар кіріпті: қарақұмық, бидай және қарабидай ұны, қант, картоп, сәбіз, шалқан, қызылша, пияз, орамжапырақ, күбағыс пен күнбағыс майы. 

"Әсіресе, халықты күнделікті қажетті тауарлармен қамтасыз етуде қателіктерге бой алдырмау шарт. Еліміздегі дүкендерде ең маңызды азық-түліктер, атап айтсақ, нан, сүт, жармалар, ет және т.б. тауарлардың сатылуы үзілмеуі керек", - деді министр. 

Сөзінше, мемлекет тарапынан кейбір азық-түлік өнімдерінің бағасының өзгеріп кетпеуіне бақылау жүргізіледі. Ал негізсіз тауарлардың бағасын қымбаттатпақшы болғандар қатаң түрде жазаланады екен. 

"Сіздерді сабырлыққа шақырамыз. Бұған қоса елімізде өндірілетін тауарларға сұранысты түсірмеуді сұраймыз. Біздің сауда тасымалымыз алғашқы кезекте қазақстандықтарға арналуы керек", - деп қосты Сұлтанов.

Шенеуніктің айтуынша, коронавирус әлемдік экономикаға айтырлақтай ауыртпашылығын  тигізуде екен. Десек те бұл жағдай өндірушілер үшін жаңа есіктер ашыпты. Яғни экспорт нарығы реттелген. Өз кезегінде бұл жағдайды Қазақстан да пайдаланып қалады дейді министр. 




 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр