"Жел, бұршақ пен жаңбыр": Алдағы күндері елімізде қандай ауа райы болжануда
Қазгидромет еліміз бойынша 28-30 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады. Алдағы күндері ел аумағында ауа райы құбылмалы болады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Синоптиктердің болжамынша, мамыр айының соңғы күндері республика аумағында ауа райы құбылмалы болады. Қазақстанның басым бөлігінде солтүстік-батыс циклоны мен оған байланысты атмосфералық фронттардың әсерінен жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.
Батыс және солтүстік-батыс өңірлерде бүкіл кезең бойы, 28 мамырда оңтүстік, оңтүстік-шығыс және орталық аймақтарда, ал 28-29 мамыр күндері солтүстік пен шығыста қатты жаңбыр жауып, бұршақ түсіп, екпінді жел соғады. Республика бойынша жел күшейеді деп болжанды.

Күндізгі ауа температурасы:
- батыста 15-25 градусқа дейін төмендейді;
- кезеңнің басында солтүстік-батыста, солтүстікте және орталықта 17-25 градусқа дейін төмендеп, кезең соңында 20-33 градусқа дейін көтеріледі;
- шығыста 15-25 градустан 20-30 градус жылы аралығында құбылады;
- оңтүстік пен оңтүстік-шығыста кезең басында 20-28 градусқа дейін төмендеп, соңында 27-38 градусқа дейін көтеріледі.
Павлодарды "біздікі" деген ресейлік стример Fassoollka жауапқа тартыла ма? Заңгер түсіндірді
Ресейлік стример Fassoollka-ға мемлекет неге үнсіз және оны қандай жаза күтіп тұр?
Қазақстандық сызылған пауэрбанкіне байланысты ұшаққа отыру кезінде қиындыққа тап болды
Әуежай өкілі: "Құрылғының бұған дейін әуе көлігімен бірнеше рет тасымалдануы қауіпсіз екеніне кепілдік бермейді"