Бестөбе шахтасында тау массасының опырылуы салдарынан екі адам қаза тапты

Ақмола облысындағы Бестөбе кенішінде тау массасының опырылуы салдарынан екі ер адам қаза тапты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі.
Ақмола облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі 38 және 21 жастағы екі ер адамның оқиға орнында көз жұмғанын мәлімдеді.
Оқыңыз"Бестөбе шахтасындағы кен орнында тау жыныстары опырылып түсуі орын алып, соның салдарынан 38 және 21 жастағы екі ер адам қаза тапты", – деп хабарлады Ақмола облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 269-1-бабының 3-бөлігі “Қорғалатын нысанға заңсыз кіру” бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
"Қажетті сараптамалар тағайындалды, оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда", – деп қорытындылады полиция.
Еске салсақ, осыған дейін елімізде заңсыз алтын қазушылардың саны артып, көптеген оқиғалар анықталып жатқанын жазғанбыз.
Бестөбе аймағындағы ауыл тұрғындарының айтуынша мұндай әрекетке барудың негізгі себебі жұмыссыздық. Кейінгі екі жылдың ішінде аймақта жер астындағы қауіпті жұмысқа заңсыз барған сегіз адамның денесі табылған. Неліктен өмірлерін осынша қауіпке қиып, заңсыз алтын қазушылардың көбейгенін жергілікті халықтың өздері айтып берген еді.
Асханасы мен спортзалы жоқ, от жағады: Қазақстанның кейбір өңірінде ауыл балалары адам шошырлық мектептерде оқып жүр