1 шілдеден бастап Ресейге кіру үшін жаңа талап енгізіледі: Сыртқы істер министрлігі қазақстандықтарға ескерту жасады

2026 жылдың 1 шілдесінен бастап Ресейге жұмысқа немесе оқуға баратын қазақстандықтар үшін қосымша талаптар енгізіледі. Мұны Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ерлан Жетібаев мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ерлан Жетібаевтың сөзінше, биыл 1 шілдеден бастап Ресейге жұмысқа немесе оқуға баратын Қазақстан азаматтары ruID мобильді қосымшасын пайдалануы тиіс.
“Белгіленген тәртіпке сәйкес, шетел азаматтары қосымшада жеке профиль ашып, Ресейге кіру туралы электронды өтініш беруі қажет. Өтінішті мемлекеттік шекараны кесіп өтуден кемінде 72 сағат бұрын тапсыру керек. Өтініш қаралған соң қосымшада елге кіру құқығын растайтын жеке QR-код пайда болады. Аталған QR-код өтініш берілген сәттен бастап 90 күн бойы жарамды болады”, – деді министрлік өкілі.
Министрлік Қазақстан азаматтарына Ресейге кірудің жаңа талаптарымен алдын ала танысып, сапарды жоспарлау кезінде осы өзгерістерді ескеруге кеңес берді.
Айта кетейік, бұған дейін Threads желісінде жарияланған видеода ресейлік бойжеткен жеке сәйкестендіру нөмірінсіз банк шоты мен картасын тез аша алмағанына наразы болғаны хабарланған еді. Оның айтуынша, бірнеше күн бойы ХҚКО мен банк арасында жүруге мәжбүр болған.
Видеода бойжеткен бейәдеп сөздер айтып, жергілікті қызметтердің жұмысына қатысты дөрекі пікір білдірді. Желі қолданушыларының ерекше назарын оның “Мен өзімді Ресейдегі өзбек сияқты сезіндім” деген сөзі аударған.
Көптеген қазақстандық бұл пікірді мигранттар мен өзге ұлт өкілдеріне қатысты тәкаппар әрі құрметсіз сөз ретінде қабылдады. Пікір жазғандар шетелдіктер үшін ЖСН рәсімдеу – Қазақстандағы стандартты тәртіп екенін, онсыз көп мемлекеттік және банк қызметін алу мүмкін емес екенін атап өтті.
Асханасы мен спортзалы жоқ, от жағады: Қазақстанның кейбір өңірінде ауыл балалары адам шошырлық мектептерде оқып жүр
Оқыңыз