Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан электр энергиясын неліктен Ресейден сатып алады: Министрлік себебін атады

энергия
Фото: freepik.com

Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов Қазақстандағы электр тапшылығын жабу үшін неліктен Ресейден энергия сатып алатынын түсіндірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Оның айтуынша, бұл көрсеткіш жыл сайын азайып келеді.

“2025 жылы 123,1 миллиард кВт·сағ электр энергиясын өндіріп, 124,6 млрд кВт·сағ тұтындық. Айырмашылық – 1,5 млрд кВт·сағ. 2024 жылы бұл көрсеткіш шамамен 2,1 миллиард кВт·сағ болған. Демек айырма азайып жатыр деген сөз. Егер жыл соңына дейін және келесі жылдың басында жоспарланған нысандар іске қосылса, 2027 жылы атом электр станциясын күтпей-ақ тапшылықты жоя аламыз”, – деді вице-министр.

Ол биыл өндіріс пен тұтыну арасындағы айырмашылық одан әрі қысқаратынын айтты.

“Бұл әртүрлі факторларға байланысты. Бірақ шамамен 1 миллиард кВт·сағ деңгейінде болады. Айта кетейік, біз электр энергиясын сатып алып, Қырғызстанға да экспорт жасаймыз. Бұл оңтүстік өңірлерді сумен қамтамасыз ету үшін қажет. 2027 жылға қарай бұл айырманы толық жоюды жоспарлап отырмыз”, – деді ол.

Айта кетейік, бұған дейін Астанада электр энергиясы неліктен қымбат екенін жазған едік. Оның себебін Энергетика вице-министрі түсіндірген.

Нұрила Жұмаділлә
Сейсенбі, 05 Мамыр, 2026 12:15