Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бестөбе шахтасында тағы да бір қызметкер қаза тапты

Бестөбедегі шахтада заңсыз алтын іздеуші көз жұмды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

бестөбе

27 ақпанда Степногорск полициясына "Центральная" шахтасының 520 көкжиегінде 1993 жылғы ер адамның көз жұмғаны туралы хабарлама келіп түсті. 

Қазіргі таңда мұны Ақмола полициясы тергеуде. 

"Бір топ ер адам алтынды заңсыз өндіру үшін шахтаның төменгі көкжиегіне түскені анықталған. Кеннің құлауы нәтижесінде ер адам жарақат алды. Үш алтын іздеуші жұмысшының денесін алып шықты", – деп хабарлады полиция.

ҚР ҚК 269-1-бабының 3-бөлігі бойынша "Қорғалатын объектіге заңсыз кіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Естеріңізге салсақ, қаңтар айында Бестөбе кенішінің жұмыс істемейтін шахтасының аумағынан заңсыз алтын іздеушінің мәйіті табылғаны хабарланды.

Қырмызы Скендирова
Сәрсенбі, 01 Наурыз, 2023 08:37