Қазақстанның SOCCA мини-футбол құрамасы Еуропа чемпионатында ойынын бастайды

Бүгін AFC Allur базасында жасақталған Қазақстанның SOCCA шағын футбол құрамасы 2026 жылғы SOCCA Еуропа чемпионатында ойынын бастайды. Турнир 20-24 мамыр аралығында Албания астанасы Тиранада өтеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Құрлықтық біріншілікке Еуропаның ең мықты 28 құрамасы қатысып жатыр. Бұл – International Socca Federation ұйымының аясындағы негізгі халықаралық турнирлердің бірі.
Қазақстан құрамасы бүгіндікке алғашқы матчын Португалия құрамасына қарсы өткізеді. Кездесу Қазақстан уақытымен сағат 19:00-де басталады.

21 мамыр күні сағат 20:00-де қазақстандық команда Латвия құрамасымен, ал 22 мамыр күні сағат 20:00-де топтық кезеңдегі соңғы ойынын Украина құрамасына қарсы өткізеді.
Қазақстан құрамасы матчтарының тікелей трансляциясы QazSport арнасынан және SOCCA Federation-ның ресми YouTube арнасынан көрсетіледі.

Бүгінде Қазақстан әлемдік SOCCA мини-футболындағы жетекші елдердің қатарында және федерацияның халықаралық рейтингінде көш бастап тұр. Ұлттық құраманың Еуропа чемпионатына қатысуы елдің әлемдік спорт аренасындағы орнын одан әрі нығайтып, қазақстандық спортты шетелде танытудағы маңызды кезең болып саналады.
Құраманың AFC Allur базасында жасақталуы клубтың жүйелі жұмысының және Allur компаниясының спортты тұрақты қолдауының нәтижесі болды. Компания көп жылдан бері бұқаралық және корпоративтік спортты дамытуға инвестиция салып, қазақстандық командалардың халықаралық турнирлерге қатысуына қолдау көрсетіп келеді. Сондай-ақ жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттауға жағдай жасап отыр.
Спорттық бастамаларды қолдау – Allur компаниясының әлеуметтік стратегиясының бір бөлігі. Бұл стратегия адам капиталын дамытуға, командалық мәдениетті нығайтуға және Қазақстанды халықаралық деңгейде спорт, өнеркәсіп пен қоғамдық жобалар арқылы танытуға бағытталған.
Асханасы мен спортзалы жоқ, от жағады: Қазақстанның кейбір өңірінде ауыл балалары адам шошырлық мектептерде оқып жүр