"Жүкті болып тұрмысқа шықпадым": Тұрсен Алагөзовтің бұрынғы жары өткенін еске алды

Ләйсира Марат бұрынғы жары “Вслух о личном” подкастына берген сұхбатында Тұрсен Алагөзовтің сөзіне жауап берді. Ол балаларының дүниеге келуі кездейсоқ жағдай емес, екеуінің саналы шешімі болғанын айтып, өткен өмірдің жауапкершілігін бір адамға ғана арту дұрыс емес екенін жеткізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бұған Тұрсен Алагөзовтің 1990 жылдардың ортасында Ләйсираның жүкті болғаны жөніндегі сөзі себеп болған. Ләйсира Марат балаларының өмірге келуі кездейсоқ жағдай емес, екеуі саналы түрде қабылдаған шешім екенін атап өтті.
“Жоқ, мен жүкті болып тұрмысқа шықпадым. Балаларымның дүниеге келуі – саналы шешім еді. Олар менің сүйікті балаларым”, – деді ол.
Ләйсираның айтуынша, жас кезінде ол болашақ жарын шын жүрегімен сүйген және онымен бірге отбасын құруды өзі таңдаған. Сондықтан арада қанша жыл өтсе де, өткен оқиғалардың бар жауапкершілігін бір адамның мойнына артып қою дұрыс емес деп есептейді.
“Мен оны күштеп жанымда ұстап жүрдім бе? Шындыққа тура қарасақ, бұл – екі адамның ортақ таңдауы”, – деді ол.
ОқыңызЛәйсира Марат бұрынғы жұбайымен арадағы қарым-қатынас туралы барынша абайлап сөйлейтінін де жасырмады. Өйткені олардың ортақ балалары бар. Бастан өткерген қиындықтарына қарамастан, ол кезінде қабылдаған шешіміне өкінбейтінін және балаларын өміріндегі ең үлкен нығмет деп санайтынын айтты.
“Балаларым үлкен махаббаттан дүниеге келді. Олар – көрікті, ақылды, тәрбиелі әрі дені сау перзенттер. Оларға әке болатын адамды кезінде өзім таңдадым”, – деді Ләйсира.
Сұхбат барысында ол өмірінде аса ауыр сынақтар болғанын да еске алды. Кейбір жағдайлардың өміріне қауіп төндіргенін айтып, сол кезеңнің әсіресе ата-анасына ауыр тигенін жеткізді. Оның сөзінше, әке-шешесі қызының тағдырына алаңдап, өте қиын күндерді бастан өткерген.
Еске салайық, бұған дейін Ләйсира Марат Тұрсен Алагөзовпен ажырасқаннан кейінгі ауыр кезеңі туралы айтқаны хабарланған еді. Оның сөзінше, отбасылық өмірі аяқталғаннан кейін ол өте ауыр психологиялық күйге түскен. Ол адамның қабылдаған шешімі мен жасаған әрекетінің салдары тек өзіне емес, балаларына және жақындарына да әсер ететінін айтты.
Ләйсира Марат бұрынғы жұбайымен арадағы қарым-қатынас туралы сөз қозғағанда барынша абай болуға тырысатынын жеткізді. Өйткені олардың ортақ екі баласы бар.
Ол сол кездегі сезімнің шынайы болғанын да ашық айтты. Ол кейінгі қиындықтарға қарамастан, сол махаббат олардың өмірінде болғанның бәрін белгілі бір деңгейде ақтайды деп есептейді.
Мамандар шәйнектегі қақ пен су сапасының байланысын түсіндірді: Шөгінділерге алаңдамауға кеңес берілді