“Жұмыссыз және науқас әйелдердің жайы не болмақ?": Қазақстандық белсенді зейнеткерлік жасты төмендету бойынша бастаманы сынға алды
Ақтөбе тұрғыны Ольга Смиронова Қазақстандағы бірыңғай мәселелер мен жолдауға байланысты президентке көзқарасын айтты. Ол зейнет жасы, балаларға төлем мен әлеуметтік жағдайға байланысты мәселелерді талқылады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Диапазон” порталына сілтеме жасап.
Ольга ең төменгі жалақының 60-тан 70 мың теңгеге көтеру қанағаттанарлық шара емес екенін айтты. Сөзінше, 10 мың теңгені электр энергиясы мен су, жылу тарифтерінің өзі жеп қояды. Ең төменгі жалақы 100 мың теңгеден кем болмауы керек екенін ескертті.
“Иә, елімізде электр желілерінің үштен екісі, жылу коммуникацияларының 57 пайызы, сумен жабдықтау желілерінің жартысы дерлік тозған. Бірақ монополистер неге 30 жыл бойы ешқандай шара қолданбады? Олар миллиондаған бонустарды ала алды. Бірақ тозығы жеткен желілерді қалпына келтіруге кірістерін бағыттай алмай отыр. Неліктен бұл мәселе халықтың есебінен шешілуі керек”, – деді Ольга Смирнова.
Ольга 2023 жылдан бастап бала күтімі бойынша төлем мерзімінің бір жарым жылға дейін ұлғайту шарасын да сынға алды. Ол балалардың мектепке дейінгі мекемелерге 3 жастан бастап баратынын айтып, төлемдерді де сол жасқа дейін ұзартуды оңды шешім деп санайтынын айтты.
“Бір жарым жастан үш жасқа дейінгі баланы асырау үшін ата-анасы қандай құралдарды пайдаланады, егер олардың біреуі баламен үйде отыруға мәжбүр болса? Бір жалақыға инфляцияны, азық-түліктің, ең қажетті тауарлардың, дәрі-дәрмектің, тарифтердің, ипотека немесе жалға берілетін тұрғын үй бағасының өсуін ескерсек, өмір сүру мүмкін емес”, – деп қосты Ольга.
Сонымен қатар ол әйелдердің зейнетке шығу жасын 2028 жылға дейін 61 деп белгілеудің аяқсыз шара екенін қоса кетті.
“Жұмыссыз және ауру әйелдер қайтпек? Ұлттық статистика бюросының сайтында 2000-2020 жылдарға арналған ересек тұрғындар арасындағы өлім-жітім, өлім себептері және жас топтары бойынша жынысы бойынша бөлінген салыстырмалы мәліметтер ғана жарияланған. Ал өткен жылдардағы мәліметтерді салыстырмалы түрде есепке алсақ 55-59 жас аралығындағы әйелдер арасында қан айналымы жүйесі ауруларынан, миокард инфарктісінен, тыныс алу органдары ауруларынан, пневмониядан, тіпті өз-өзіне қол жұмсаудан өлім көрсеткіші өскен. Енді ересек жасқа толған әйелдер шарасыздықтан өзіне қол жұмсап жатса жағдайдың қаншалықты қиын деңгейге жеткенін ұғыну қиын емес”, – деді Ольга президентке жүгініп.
Азаматша елімізде дәрігердің түскі асқа дейін мемлекеттік емханада, түстен кейін, мемлекеттік тапсырысы бар жекеменшік емханаға жұмыс істеуге баратынын сынға алды. Сөзінше, бұл медициналық көмектің сапасының қандай болатынына тікелей әсер етеді.
“Мұндай дәрігерлер қай жұмыс орнында өз міндеттерін жақсы орындайды. Әрине, оның еңбегі бағаланатын жерде. Сондықтан үш жыл ішінде резидентураға гранттар санының жыл сайын 70%-ға арту да аяқсыз шара! Өйткені дәрігерлер мемлекеттік емханада тиісті деген 3-5 жыл жұмыс істейді. Кейін бәрібір жеке меншік ақылы ауруханаларға ауысады”, – деп қорытты Смирнова.