Кенші 16 күн бойы үйінді астында өмір сүрген

Пәкістанда шахта опырылып, Абдул Вахаб есімді кенші 16 күн бойы үйінді астында жатқан. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Dunya News-қа сілтеме жасап хабарлайды.
31 наурыз күні Пало-Дери ауданындағы Рустам қаласының шахтасында көшкін жүрген. Вахаб басқа жұмысшылармен бірге жер астында қалып қойған. Ол құтқарушылар жеткенге дейін тас пен топырақ үйіндісінің астында 16 күн бойы тіршілік еткен. Ал кенжарда болған тағы тоғыз адамды аман алып қалу мүмкін болмады.
Құтқарушылар Вахабтан басқа барлық жұмысшыны шығарып алғаннан кейін де іздестіру жұмыстарын жалғастырды.
“Қақпанға түскеннің барлығы есепке алынған еді, бірақ бір адам әлі де хабар-ошарсыз кеткендер қатарында болды”, – деді құтқарушылардың бірі.
Төтенше қызмет мамандарының табандылығының арқасында Вахаб тірі табылып, аман алып қалу мүмкін болды. Зардап шеккен адам дереу ауруханаға жеткізіліп, оған медициналық көмек көрсетілді.
Рейхстагқа ту тіккен Рахымжан Қошқарбаев па, әлде тарихи шындық бұрмаланды ма?
“Ақиқат бәрін жеңеді, бірақ 50 жыл кешігіп жүреді" дейді тарихшы Болат Сайлан
"Жалаң қылышпен танктерге қарсы соғысқан": Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде жойылып кеткен 106-ншы атты әскери дивизия туралы не білеміз
Дивизия құрамына алынатын жауынгерлерге "оқып-жаза алуы керек және орыс тілін білуі керек" деген талап қойылды
Оқыңыз