Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақ тілі алғаш рет халықаралық олимпиадада жұмыс тілі ретінде бекітілді

партада отырған оқушылар
Фото: Gov.kz

Қазақ тілі алғаш рет халықаралық Азиаттық-Тынық мұхиты лингвистикалық олимпиадасында (APLO-2026) жұмыс тілі ретінде бекітілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

8APLO-2026 олимпиадасы Азиаттық-Тынық мұхиты елдері Қазақстан, Қытай , Жапония, Малайзия, Корея Республикасы, Сингапур және Таиландтан келген 300-ге жуық дарынды оқушыны біріктірді. Аталған зияткерлік жарыс -дарынды жастарды анықтауға және оларды Халықаралық лингвистикалық олимпиадаға даярлауға бағытталған беделді алаң

“Қазақстан құрамасы бұл олимпиадаға үшінші рет қатысып отыр. Биыл ел намысын 8 оқушы қорғады. Нәтижесінде қазақстандық оқушылар 1 алтын, 1 күміс және 2 қола медаль жеңіп алып, жоғары дайындық деңгейін көрсетті. Сонымен қатар, 4 қатысушы Құрмет грамотасымен марапатталды”, – делінген хабарламада.

Жеке есепте Азия елдерінен іріктелген үздік қатысушылар арасында Шыңғыс Қарасаев 9-орынды иеленді. Ал командалық есепте Қазақстан құрамасы 8-орынға тұрақтады. Алтын медальді Орал қаласындағы жаратылыстану-математика бағытындағы Зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушысы Шыңғыс Қарасаев жеңіп алды.

Күміс жүлдені Астана қаласының Нұра ауданындағы жаратылыстану-математика бағытындағы Зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушысы Әмірбек Азатбеков иеленді. Ақтау қаласындағы мамандандырылған IT-лицейінің 11-сынып оқушысы Рамазан Бутантаев пен Қостанай облысы Жітіқара ауданындағы Абай атындағы мектеп-лицейдің 11-сынып оқушысы Кирилл Тұрғымбаев қола медаль иегері атанды.

Дана Русланқызы
Сейсенбі, 21 Сәуір, 2026 22:57