Жұмыссыз қалған жағдайда мемлекеттен жәрдемақыны қалай алуға болады
Биыл 123 мыңға жуық қазақстандық жұмыссыз қалуына байланысты мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жәрдемақы алған. Оның 67 мыңына әлеуметтік төлем алғаш рет тағайындалды. Жұмыссыз қалған қазақстандықтарға мемлекеттен жалпы 18 миллиард 300 миллион теңге жердемақы берілген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның “Информбюро” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: Stan.kz
Қордан берілетін жәрдемақыны қалай алуға болады?
- Ең әуелі азамат eGov.kz порталы арқылы жұмыссыз ретінде тіркелуге тиіс. Не тұрғылықты жері бойынша карьералық орталыққа жүгінеді.
- Кейін өзі көрсеткен нөмірге "жәрдемақы рәсімдеу туралы" смс-хабарлама келеді. Сәйкесінше, хатқа "иә" деп жауап беру қажет.
- Қаржы тағайындалуы үшін жеке куәлік пен банктік шоттың 20 сандық нөмірі және жұмыссыз екеніңізді растайтын құжат керек. Егер барлық дерек мемлекеттік базада бар болса, құжат талап етілмейді. Демек, жәрдемақы автоматты түрде рәсімделеді.
Бірақ жәрдемақы мөлшерінің әр азаматқа әртүрлі сомада түсетінін ескеру қажет. Бірінші кезекте жұмысынан айырылған адамның міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтілі ескеріледі. Әрі кейінгі екі жылдағы табысы да назарға алынады. Соған қарай, көмек 1 айдан 6 айға дейін беріледі. Сондай-ақ, төлем бұған дейінгі кірістің 45%-ына дейінгі мөлшерде есептелетінін есте ұстаған жөн.
Бұған дейін мемлекет су тасқынынан зардап шеккендерге өткен аптаның соңына дейін жәрдемақы төлетінін айтып, уәде берген еді.
Талқылау

Қазақстандық көпбалалы ана "Асар Уме" қайырымдылық қорын апатты үй берді деп айыптады
Екінші топ оқырмандар көпбалалы ананың қанағатсыздығын сынады

"70 күннен аса жүрдік": Қытайдан Астанаға атпен жолға шыққан жас жұбайлар көпшіліктің ықыласына бөленді
Бүгінде күллі қазақ жұрты оларды желіде бақылап, біразы алдынан күтіп, қонақ етіп жатыр