Жұмыртқа мен саңырауқұлақ психикалық денсаулықты жақсартады - Диетолог
Диетолог Мэри Кейт Киз дұрыс тамақтану арқылы физикалық денсаулықпен қатар, психикалық саулықты қалыпқа келтіруге болатынын айтты. Psychiatric Times басылымына берген сұхбатында ол психикаға пайдалы өнімдерді атады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Диетолог көбірек жұмыртқа жеуге кеңес берді. Себебі оның құрамында ми мен есте сақтау қабілетін жақсартатын холин бар. Сондай-ақ саңырауқұлақтың құрамында D дәрумені болғандықтан, маман бұл өнімді де көптеп тұтынуға кеңес береді.
Одан бөлек, рационда жидектердің болуы міндетті. Диетологтың пікірінше, бұл – жүйке жүйесі үшін ең таптырмас өнім.
Киз психикалық денсаулығын сақтағысы келетін адамдарға алкогольді ішімдік пен энергетикалық сусындардан түбегейлі бас тартуға кеңес берді. Фаст-фуд, өңделген өнімдер мен тәттілер абыржу сезімін ұлғайтады, сондықтан бұл өнімдерді мейлінше азырақ тұтынған жөн.
"Ай сайын ит-мысықты асырауға 8 миллион теңге жұмсаймын": Қазақстандық панажай иелері далада қалған жануарларды қалай асырайды