Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мамандар жумай-ақ тұтынуға болатын тағамдар тізімін атады

Күнделікті өмірде пісіру және жеу алдында барлық өнімдерді барынша жуу керек. Алайда мамандар жумай-ақ тұтнуға болатын өнімдердің тізімін атады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Мәскеу бойынша азық-түлік гигиенасын қадағалау бөлімінің бастығы Надежда Раеваның айтуынша, ас үйде белгілі бір ережелерді елемеген жағдайда шикі ет, балық, көкөністер мен жемістер инфекцияның көзі болуы мүмкін.

“Жемістер мен көкөністерге жағылған қорғаныш жабындыны еріту үшін оларды мүмкіндігінше ыстық сумен жуу керек. Мүмкін болса, жемістер мен көкөністерді сода немесе тұз ерітіндісіне алдын ала салып алған жөн. Апельсин, мандарин, банан жемістерін қабығы болса да, ыстық сумен жуған дұрыс. Әйтпесе, жуылмаған жемістің қабығын тазалағанда жеуге жарамды бөлікке бактериялардың өту қаупі бар”, –  деді Надежда Раева.

Дегенмен тамақ пісірер алдында жуу қажет емес, сумен шайған кейде тіпті зиянды өнімдер де бар. Дезинфекциялау шаралары сақталмаса, оларды кескеннен кейін бетінде және ас үй ыдыстарында қауіпті бактериялар қалады.

“Ет пен балыққа келетін болсақ, оларды пісірер алдында жуу қажет емес. Өйткені термиялық өңдеу кезінде бактериялар бәрібір өледі”, – деді адежда Раева.

Маман тамақ пісіргеннен кейін раковинаны, үстелді, кесетін тақтайды дезинфекциялау керектігін түсіндірді. Кез келген шикізаттың құрамында патогендік микрофлора болуы мүмкін екенін есте ұстаған жөн. Олар сальмонелла, шигелла бактерияларының қоздырғышы. Жануарларға да қауіпті және адамға берілетін аурулардың барлық түрлерін қоздырады.

“Ас үйде тауық, балық еттерін тураған соң, оның орнын тазалауға арнайы сүлгілер қойған жөн. Себебі шикі еттердің құрамында қауіпті бактериялар болады. Тіпті шикі тағамдарды кесетін тақтайларды бөлек ұстаған жөн”, –  деді маман. 

Сонымен қатар, шикі ет, құс немесе балықты кескеннен кейін қолды ғана емес, сонымен қатар кран тұтқаларын да жуу керек. Өңдеу үшін ыдыс жууға арналған жуғыш зат жеткілікті болады. Алайда кесу жабдығын қайнаған сумен шаю артық етпейді.

Талқылау