Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Диетолог қартаюды баяулатуға көмектесетін кеңестермен бөлісті

Диетолог Лорен Манакер 50 жастан кейін қартаюды баяулатуға көмектесетін кеңестермен бөлісті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 5-tv.ru басылымына сілтеме жасап. 

кәрілік

Дәрігердің сөзінше, жас ұлғайған сайын адамда коллагендер азаяды. Сондықтан коллагенді қолдану тері қартаюын баяулатуда көмектеседі. Манакер таблетка қабылдау немесе кремді пайдаланудың ең қарапайым тәсіл екенін де атап өтті. 

Сонымен қатар дәрігер жас ұлғаюымен туындауы мүмкін аурулардың алдын алу үшін балық майын тұтынуға кеңес береді. Ол жүрек жұмысына да оң әсер етеді. 

"Теңіз өнімдерін тұтыну егде жастағы адамдарға Альцгеймер ауруынан өлу деңгейін азайтуға, жүрек-қан тамырлары ауруы мен ісіктің алдын алуда көмектеседі. Балықты тұтыну миға және жастың ұлғаюымен бұзылатын когнитивті қабілетті жақсартуға оң әсер етеді", - дейді Лорен Манакер.

Диетолог ас мәзіріне жеміс пен көкөніс қосуды көпшілігі ұмытып кететінін айтады. Бұл өнімдер де қартаюды баяулатуға көмектеседі екен. Сонымен қатар смузи мен хумус қосылған көкөніс сынды тіскебасарлар қажетті элементтер мен дәрумендер қорын толықтырады.

Дәрігер шылым шегуді тоқтату керегін мәлімдеді, себебі зиянды әдеттер әжімнің түсуіне әсер етеді. Ал никотин қанның тері жасушаларына жеткізілуіне зиян келтіреді. 

Талқылау