Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Жұмабай аға супермен”: Нью-Йоркте жеткізу қызметінде жұмыс істеп жүрген 50 жастағы азамат жұртты тәнті етті

АҚШ-қа көшіп кеткен Алматы облысының 50 жастағы тұрғыны Нью-Йоркте Ubereats компаниясында жеткізу және такси қызметінде жұмыс істеп көпшілікті таңдандырды. Ер адам екі ай жұмыс істеп, өзіне көлік сатып алған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Сурет желідегі кадрлардан

Жұмабай аға күніне 25-ке жуық сапар жасап, 10 сағат жұмыс істеп, 200 долларға жуық табыс табады екен.

50 жастағы ел ағасының келіні әлеуметтік желіде қайын атасының жасына қарамастан, телефон арқылы ағылшын тіліндегі қажетті сөздерді үйреніп, жаңа жұмысқа бейімделгенін алға тартты.

"Жасы 50-ден асқан қайын атам Нью-Йоркте Ubereats компаниясында жұмыс істейді. Ол qazaq.republic сайтынан алған термосқа анасының бал шайын құйып, көлігімен жұмысқа келеді. Алғашында тілде қиындықтар болған, қазір бірнеше сөйлемді үйреніп алған. Ол табысына риза. Күніне 150-200 доллар табады, кешке оның әңгімесін тыңдап, шай ішеміз. Оның қайраты мен қайсарлығы бізге үлгі", – деп жазды келіні.

Видеода ол америкалықтардың 2 минут жерге де тамаққа тапсырыс беретінін айтады.

“Жұмабай ағам мықты”, “Жұмабай аға супермен”, “Жігерлендіреді”, “Жаңашылдықтан қорықпайтын еңбексүйгіш”, – деді желі қолданушылары. 

Талқылау