"Мейрамбек ескінің адамы": Жұлдызды жекпе-жек қатысушысы Бесбаевты мойындамайтынын айтты

Назарбек Оразбеков "Жұлдызды жекпе-жек" жобасына қатысып, ақтық мәреге дейін жеткен еді. Финалда екінші орын алды. Алайда өзінің екінші орын алғанынан әлі бейхабар екен. Жобаға қатысудағы мақсатым - жеңіс болған жоқ деп ақталады өзі. 

Бұл туралы Назарбек Нұрсұлтан Құрманмен болған сұхбатта айтты.

Назарбек Оразбеков "Жұлдыздың жекпе-жек" қатысушысы. Орда бұзар жастағы әнші өнердегі ағаларын сөкті. Соның ішінде қазақ эстрадасының королі Мейрамбек Бесбаевты мойындамайтынын айтады. 

"Ел Мейрамбектің дәстүр өнерінің майталманы деп таниды. Көкке көтере мақтайды. Мен Мейрамбекті мақтағым да, даттағым да келмейд. Бір ғана айтарым, бір сұрағым бар. Олар дәстүр үшін не істеді? Ерлан Төлеутай ағаларымызды айтсын дәстүрлі өнердің майталманы деп. Ал. Мейрамбек пен Тоқтарлар не тындырды? Мен жалпы Мейрамбекті мойындамаймын. Ол есінің адамы ғой", - деді Оразбек.


 "Жұлдызды жекпе-жек" қатысушысы: Тоқтар Серіков маған сын айтатындай ешкім емес, оны аға деп те атамаймын


Назарбек Бесбаевты ескілікте қалған әнші деп сөкті. Ал, жобаның ақшамен алдын ала, тіпті кімнң жеңіске жететіні алдын да шешіліп қоятын жоба деп айыптады. 

"Мен бұл жобаға барғым да келмеген. Себебі өнердегі адамдардың сахна сыртында басқаша екенін білемін. Мені жас бала көрді. Менсінбей әрең амандасып жүрді. Ауылдың, жас баланың әңгімесін айтады. Олармен сондықтан жақын емеспін. Әділқазылардан да салмақты пікір күттім. Әр әнімен не айтар екен деп зерттедім. Сөйтсем бәрі төмен деңгейде пікір айтады. Вокал тұрғысынан сын айтады. Қазір өнерді вокалмен өлшеуге болмайды. Музыканы басқа жағынан түсіну керек. Музыка деген тұнған философия, математика, оған құрал ретінде қарау керек. Менің әр әнім толғаныспен шығады. Оның жүрекпен сезіну керек. Той әндерінен басқа да осындай әндер бар екенін түсіндіру болған жобаға келген мақсатым", - жас әнші. 

 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр