Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Жұлдызды жекпе-жек" қатысушысы: Тоқтар Серіков маған сын айтатындай ешкім емес, оны аға деп те атамаймын

Жұлдызды жекпе-жек қатысушысы Назарбек Оразбеков жұлдызды жекпе-жек жарысының барысы жайлы айтты. Ондағы әділқазылар мен жарыстың шикілігі жайында баяндады. Айтуынша, өнер ағаларына өкпесі қара қазандай. 

Бұл туралы Назарбек Нұрсұлтан Құрманмен болған сұхбатта айтты.

"Бастапқыда Тоқтар маған қызық болып көрініп жүрді. Өнердегі ағалар халық жақсы көретіндей емес, бетпердемен жүретіндер екен. Көршінің қызын айтып жүрген әнші маған сын айтуға лайық емес. Ол кісіні аға деп те атамаймын. Тоқтар деп атаймын. Мен аспаннан салбырап түскен жоқпын. Маған үнемі шабуыл жасады. Мен оның сынын қабылдамаймын. Өзімнің жеке жолым, бағытым бар", - деді әнші.

Жас әншінің өнер ағаларына деген өкпесі зор. Тоқтар Серіковтің сынын ауыр қабылдағанға ұқсайды. 

"Ол жерде қарсы сөз айту мүмкін емес. Тек күліп қана тұру керек. Қарсы сөз айтсаң да монтаждап тастайды. Ал, артық әңгіме айтқым келмеді. Ол ұсақ әңгіме болып кетеді. Мен ондайдың адамы емеспін. Тоқтар Гүлсімнің "Зауал" әнін орындағанда "енді ғашық болдым" деді. Сол кезде ол кісінің жағдайын түсіндім: Зауал ғашық болатын ән емес. Ол жай ғана сезіну керек ән", - деді Оразбек. 

Назарбектің айтуынша, жарыстың әділ өтетініне күмәнмен қарайды. Алдын ала дайындалған, жоспар бойынша өтеді деп налыды. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр