Банк пен финтех: Серіктестік автонесие нарығын қалай өзгертеді

Қазір сұранысқа ие қаржы өнімін ұсыну несие берумен шектелмейді. Ең бастысы – қызмет көрсетудің толық циклін жылдам, ыңғайлы әрі цифрлы форматқа көшіру. Осыған орай, банктер қаржылық сараптаманы финтех-компаниялардың технологиялық мүмкіндіктерімен біріктіруге көшті. Bank RBK мен Sapa Digital Finance ынтымақтастығы – осы үрдістің жарқын дәлелі.
"Бірлік болмай, тірлік болмас"
Әлемде банктердің жұмыс тәсілі өзгеріп жатыр. Бұрын қаржы ұйымдары қызмет көрсетуге қажетті жүйелерді өздері әзірлеуге ұмтылса, қазір технологиялық компаниялардың көмегіне жүгінеді. Бұл жаңа қызметтерді тез іске қосуға, құжат рәсімдеу жұмысын жеңілдетуге және шығынды азайтуға мүмкіндік береді.
Бұл тәсіл Қазақстанның автонесие нарығында да маңызды. Бірінші кредиттік бюроның дерегіне сүйенсек, 2023–2025 жылдары нарық көлемі шамамен 44 %-ға өсіп, 2,39 триллион теңгеге жеткен. Көлік алуға несие сұрайтындар көбейген сайын, банктер үшін клиентке тиімді шарт ұсынып қана қоймай, несиені оңай әрі жылдам рәсімдеу де маңызды болып отыр.
Өтінім беруден көлік алуға дейін
Bank RBK мен Sapa Digital Finance (SDF) 2023 жылдан бері бірге жұмыс істейді. Бұл серіктестікте әр компания өз міндетін атқарады: банк несие беруге қажетті қаржыны қамтамасыз етіп, оның шарттарын белгілейді. Ал SDF өтінімдерді қарау, құжаттарды рәсімдеу және клиенттермен, автосалондармен байланыс орнату жұмыстарын цифрлық жүйе арқылы ұйымдастырады.
Bank RBK басқарма төрайымы Наталья Акентьева технологияны тиімді пайдаланудың маңызын атап өтті.
"Бүгінде банктің бәсекеге қабілетті болуы технологияны клиентке нақты пайда әкелетін құралға айналдыра білуіне де байланысты. Sapa Digital Finance компаниясымен серіктестік дайын технологиялық жүйені пайдалануға, автонесие беруді кеңейтуге және клиенттерге қаржыландыру рәсімін жеңілдетуге мүмкіндік береді. Әр тараптың тәжірибесін біріктіру арқылы сұранысқа ие өнім ұсынып, бизнесті дамытуға болады", — дейді ол.
Серіктестік басталғалы бері 65 мың қазақстандық автонесие алған. SDF әзірлеген жүйе банк, автосалон және клиент арасындағы байланысты жеңілдетеді. Соның арқасында еліміздің әр өңіріндегі серіктес автосалондардан көлік алуға несие рәсімдеуге болады.
Өтінім жасанды интеллект көмегімен нақты уақыт режимінде қаралады. Кепілді тіркеуді қоса алғанда, құжаттарды рәсімдеу жұмыстары бір күнде аяқталуы мүмкін.
Бұл мүмкіндік көлікті күнделікті жүріп-тұру үшін ғана емес, күнкөрісіне табыс табу үшін пайдаланатын адамдарға да пайдалы. Мәселен, серіктестік аясында жеке кәсіпкерлерге 10 мыңнан астам автонесие берілген.
Алайда несиені тез беру оның қайтарылуына қатысты тәуекелдерді елемеуге болады деген сөз емес. Банк қарыз алушының төлем қабілетін мұқият бағалауы керек. Осы тұста скоринг жүйелері қолданылады. Олар клиенттің қаржылық жағдайын талдап, несие беру-бермеу туралы шешім қабылдауға көмектеседі.
Мұндай жүйелердің мақсаты — несиені жылдам рәсімдеу ғана емес, қарыздың уақытында қайтарылмау қаупін де азайту. Осылайша, технология клиентке қызмет көрсетуді жеңілдетіп қана қоймай, банктің несие берудегі жауапкершілігін арттыруға да ықпал етеді.
Серіктестіктің тағы бір бағыты — Қазақстанда құрастырылған көліктерді сатып алуға арналған субсидиялау бағдарламаларына қатысу. Мұндай қолдау отандық автомобильдерді сатып алуды жеңілдетіп, қазақстандық өндірістің дамуына септігін тигізеді.
Технология – тұтынушыға қызмет етеді
Sapa Digital Finance компаниясының Бақылау кеңесінің төрағасы Ельдар Теңізбаев технологияның құндылығы оның адамдарға қаншалықты пайда әкелетінімен өлшенетінін айтады.
"Біз үшін технологияның басты міндеті — адамдардың өмірін жеңілдету. Қазір клиенттер автонесиені тиімді шартпен алып қана қоймай, оны тез әрі артық әуреленбей рәсімдегісі келеді. Bank RBK-мен бірге банктің сенімділігін, жасанды интеллектке негізделген технологияларымызды және кең автосалондар желісін бір арнаға тоғыстырдық. Мұның бәрі көлік сатып алу жолын жеңілдетіп, қаржыландыруды қолжетімді етуге бағытталған. Жасанды интеллект өтінімдерді қарау уақытын қысқартып, қызмет көрсетуді жақсартуға көмектеседі. Берілген 65 мың автонесиенің артында өз мақсаты мен жоспары бар мыңдаған отбасы, кәсіпкер және жеке адам тұр. Біз үшін серіктестіктің ең маңызды нәтижесі — осы. Заманауи технология ең алдымен адамға қызмет етуі керек", — дейді ол.
Bank RBK мен SDF-тің бірлескен жұмысы қаржы саласындағы өзгерісті аңғартады: банк тәжірибесі мен технологиялық мүмкіндіктер біріккенде, клиентке қызмет көрсету де жеңілдей түседі. Банк несие беру аясын кеңейтсе, финтех компаниясы процестердің цифрлық жүйеде жүруін қамтамасыз етеді. Ал клиент көлік сатып алуға қажетті қаржыны рәсімдеуге кететін уақытын үнемдейді.
Бүгінде қаржы нарығында табысқа жету үшін барлық жұмысты бір ұйымның өзі атқаруы міндетті емес. Керісінше, әр тараптың мүмкіндігін ұтымды пайдаланып, клиентке қолайлы қызмет ұсыну маңызды.
Bank RBK — Қазақстандағы ірі коммерциялық банктердің бірі. Корпоративтік несие портфелінің көлемі бойынша елде 5-орында, активтері бойынша 7-орында, меншікті капиталы бойынша 10-орында.
Sapa Group — қаржы технологиялары, жасанды интеллект және бизнес процестерін автоматтандыру бағытында жұмыс істейтін қазақстандық компаниялар тобы.
ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 2026 жылғы 15 шілдеде берген № 1.1.821.135 лицензиясы.
Қазақстандық әженің үйін жөндеуге келген еріктілер шатырдан 8 пакет ақша тауып алған: Кейуана оны қайыр тілеп жинаған