Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сәкен Майғазиевтің анасы өмірден озды

Сәкен Майғазиев анасымен
Фото: instagram.com/saken_maigaziyev

Белгілі әнші, "МузАРТ" тобының мүшесі Сәкен Майғазиевтің анасы Ұлтай Мырзамбекқызы дүниеден өтті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігінің тілшісі хабарлайды.

Суыт хабарды өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында жеткізді.

Сондай-ақ журналист Ләйлә Сұлтанқызы әншінің анасы туралы жазба жариялап, көңіл айтты.

Журналист әншінің отбасына көңіл айтып, қайғысына ортақ екенін білдірді.

“Сәкен досымның анасынан айырылғанын естіп, жүрегім ауырып отыр… Ананың орны қашанда бөлек қой. Қандай сөз айтсақ та, жүректегі ауырлықты жеңілдете алмайтынын білемін. Алла анаңды рақымына алсын, жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын. Саған және отбасыңа осы ауыр қайғыны көтеруге күш-қуат, сабыр берсін. Анаңның мейірімі мен берген тәрбиесі сендердің бойларыңда мәңгі жасай берсін”, – деп жазды Ләйлә Сұлтанқызы.

Марқұммен қоштасу рәсімі 14 қазанда сағат 15:00-де Түркістан облысы Созақ ауылында, өз шаңырағында өтеді.

Еске салайық, бұған дейін Сәкен Майғазиев ұлының тойына анасының қатыспайтынын айтқаны хабарланған еді. Одан кейін анасының денсаулығы күннен күнге нашарлап бара жатқанын жасырмады. 

Балнұр Рахматуллақызы
Сәрсенбі, 14 Қазан, 2026 10:09