Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ТЖМ өртке қарсы қызмет басшысы тыныштықты бұзды және қоғамдық орында мас күйде болды деген күдікке ілінді

шенеунік

Фото: gov.kz

Төтенше жағдайлар министрлігі Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы Ерлан Төрегелдиев түнгі тыныштықты бұзып, мас күйде жүргені үшін жауапқа тартылды деген ақпарат тарады. Алайда полиция оның аты-жөнін ресми түрде растаған жоқ. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

 

Оқиға 11 қазаннан 12 қазанға қараған түні болған. Мәліметке сәйкес, жоғары лауазымды шенеунікке қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылған.

“11 қазаннан 12 қазанға қараған түні қолда бар ақпарат бойынша Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы Ерлан Төрегелдиевке қатысты хаттамалар толтырылған. Оған түнгі тыныштықты бұзу және мас күйде қоғамдық орында жүру себеп болғаны айтылады”, – делінген хабарламада.

Астана қаласының полициясы тұрғындардың бірі түнгі уақытта шу шыққанына шағымданғанын растады.

Оқиға орнына барған полицейлер құқық бұзған адамның кім екенін анықтап, оған екі бап бойынша әкімшілік шара қолданған. Олар – түнгі тыныштықты бұзу және қоғамдық орында мас күйде жүру.

Алайда полиция ер адамның аты-жөнін жарияламады және оған қандай жаза тағайындалғанын да нақтыламады. Сондықтан оқиғаға шынымен Ерлан Төрегелдиевтің қатысы бар-жоғы әзірге белгісіз.

“Ол заңда белгіленген тәртіппен әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Заң бәріне ортақ, ешкімге ерекше жағдай жасалмайды”, – деп хабарлады ведомство.

Айта кетейік, бұған дейін Желіде Алматы полициясы Алматы облысы аудандарының бірінің прокурорын мас күйінде ұстағаны туралы жазған едік. 

Нұрила Жұмаділлә
Сәрсенбі, 14 Қазан, 2026 10:07