Жұртты шулатқан МС Сайлаубек қазір қайда жүр
Экранда көрінбесе де, МС Сайлаубек тойларға жиі шығып жүр екен. Тараздан жаңа келген әнші түнде тойға шықпақ. Рэпер екі жылдан бері Алматының сыртында туысқандарымен бірге тұрып жатыр екен.
Сурет: stars.moscow
Бұл туралы НТК арнасының Ревю бағдарламасында айтылды.
“Бұл үйде менің туған әпкем тұрады. Ол мені өзі шақырып алды. Үйді шетінен жөндеп жатырмыз. Ванна бөлмесіне өсімдіктер қойылған. Өсімдіктердің түр-түрін көре аласыздар. Бірақ, олардың аттарын атап шыға алмаймын”, – дейді МС Сайлаубек.
Рэпермен бірге бұл үйде оның інісі Думан да тұрады екен. Қазір ол артистің әкімшілігінің рөлін атқарып жүр. Ол да танымал ағасымен бірге ән жаза бастаған.
“Жуырда жаңа әннің тұсауы кесіледі. Оны бірден бейнебаянымен бірге шығарамыз. Заманауи әнге бейнебаянды Қытайда түсіруді жоспарлап отырмыз”, – дейді артистің інісі Думан Жармахан.
Жіберіп алмаңыз:
Төреғали: “Қазақ қызға үйленем” әнін енді қай бетіммен орындаймын
Орыс тілінде ән жазған Ерболат Құдайбергенов енді Ресейді бағындырмақ
Төреғали Төреәлі халық аз келіп, өзін сабасына түсірген кеш туралы айтты
Танымал тележүргізуші күйеуі тастаған әйелдерді кешірімді болуға шақырды