Байден әкімшілігі Путинді өлтірмек болды – БАҚ
Америкалық журналист Такер Карлсон бұрынғы президент Джо Байден әкімшілігін Ресей президенті Владимир Путинді өлтіруге тырысты деп айыптады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: АP Photo
"Тони Блинкен бұл соғысты соншалықты күшейткісі келіп, Путинді өлтіруге тырысқан. Мысалы, Байден әкімшілігі не істеді? Сөйтіп олар Путинді өлтірмек болды", – деді ол.
Дегенмен Карлсон журналист Мэтт Тайббимен сұхбатында өз нұсқасын растайтын нақты мәліметтер мен дәлелдер келтірген жоқ. Ол мұндай әрекеттердің қашан және қай жерде болғанын, қастандықты ұйымдастыру үшін нақты қандай қадамдар жасалғанын айтпады. Журналист бұл әрекеттерді ессіздік деп атады.
Оның айтуынша, Байден командасы хаосты "қорғаныс экраны" ретінде қолдану үшін осындай жолға барған.
Еске салайық, бұған дейін Украинадағы соғыс 2025 жылы аяқталуы мүмкін екенін жаздық. Мұндай болжамды Украина президенті Владимир Зеленский Хорватияда өткен саммитте мәлімдеді. Саммитте Киев пен Загреб арасында ұзақ мерзімді ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Хорватия миналардан тазарту және жаралыларды сауықтыру үшін көмек көрсетуге, сондай-ақ Украинаның Еуропалық Одақ пен НАТО-ға қосылуын қолдауға уәде берді. Содан кейін Зеленский Еуропа елдеріне сапары аясында Ұлыбритания және НАТО жетекшілерімен "жеңіс жоспарын" талқылау үшін кездесті.
"Үш сағат істейтінді бізде он минутта бітіреді": Германиядағы қазақ дәрігері сүндеттеу ісінде Қазақстан қалай алға кеткенін айтып берді