Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жұлдыздар ұстанатын жаңа жылдық дәстүрлер қандай?

Актер Шакентидің әкесі жаңа жылды қарсы алған түні ерекше мәрттік танытатын көрінеді. Сөйтіп, перзенттерінің бәрінің қалтасына қаражат салып қояды екен. Қыдырәлі Болмановтың да балаларына мотивация сыйлайтын өзіндік құпия дәстүрі бар. Мұның астарында не жатыр? Өздері айтсын!

Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасында айтылды.

Қанша қаржы ұсынылмасын Қыдырәлі мен Қарақат Жаңа жыл түні сахнаға шығудан түбегейлі бас тартады. Әр шаңырақта жайылған ақ дастархан басында отағасы да, отанасы да табуылуы керек деп біледі олар.

“Бірге өткіземіз. Баланың қасында болған сайын, баланың өресі де өседі, намысы да, қуаты да, құлшынысы да артады. Қазіргі тілмен айтқанда мотивация деп жатамыз ғой”, – дейді Қыдырәлі мен Қарақат.

Шәріп Серік те жанұя құндылықтарын көш ілгеріге қоятын жан. Асқар тауы соған баулыған.

“31 желтоқсан күні барып, барлығымыз суға түсеміз, әдемі киімдерімізді киеміз. Сөйтіп әкеміз барлығымыздың қалтамызға ақша салады. Енді осы жаңа жылда қалтамызда ақша болсын дегендей”, – дейді Шәріп Серік.

Шырша әрлеу – Қарлығаш Мұхамеджанова үшін үлкен рәсім!

“Отбасымыздың барлық мүшелері түгел жиналған сәтте ғана шырша құрамыз! Кейде, басымыз бірікпей соңғы сәтке дейін, бұл істі созуымыз мүмкін”, – дейді Қарлығаш Мұхамеджанова.

Бізбен бөлісетін қызықты жаңалығыңыз, оқиғаңыз болса Stan.kz сайтының WhatsApp номеріне жолдаңыз: +77021152981

Жіберіп алмаңыз:

Актриса Айсұлу Әзімбаева сүйіктісіне опасыздық жасағанын ашық мойындады

Ләйлә Сұлтанқызы “Хабар” арнасынан кетті

Мақпал Жүнісова: Азық-түлік қымбаттаса, халықтың айлығын да көтеру керек

Қарақат “тұсаукесерді бизнеске айналдырды” деп сынағандарға жауап берді

Талқылау