Жүктілігін жасырған 12 жасар мектеп оқушысы сау бала босанды
Испанияда жүктілігін отбасынан және сыныптастарынан жасырған 12 жасар қыз баласын аман-есен босанған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Daily Star басылымына сілтеме жасап.

Баланың әкесінің кім екендігі әлі ресми түрде анықталған жоқ. Қыздың жасына байланысты қауіп-қатерге қарамастан, босану қиын болмаған. Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, сәбидің әкесі, 17 жастағы жасөспірім болуы мүмкін. Алайда бұл ақпарат ресми түрде расталмады.
Қыздың және оның отбасының аты-жөндері құпия сақталған. Қазіргі уақытта полиция оның жыныстық қатынасқа өз еркімен келіскенін немесе мәжбүр болғаны анықталуда.
Қыздың наурыз айындағы үй карантині кезінде жүкті болғаны атап өтілді. Карантин алынып тасталған кезде, ол оқуын жалғастыра берді, ал оның жүктілігін ешкім байқамады. Мектеп оқушысының ата-анасы жаңа туған баланы асырап алуға беретіндерін айтты.
Талқылау
                            
                         
Үй алудың жаңа мүмкіндіктері: Алдағы уақытта қандай тұрғын үй бағдарламалары іске қосылады
Айта кетейік, қараша айында "Наурыз" және "Наурыз Жұмыскер" бағдарламалары бойынша өтініш қабылдау қайта басталады
            
                    
                 
"Жастар практикасы" арқылы жұмыс таптым": Қазақстандық колледж түлегі кілем фабрикасында еңбек жолын қалай бастағанын айтып берді
Бағдарламаға қатысушылардың басым бөлігі қыздар екен