Каспийде қаза тапқан сарбаздың анасы деп тараған видео Мароккода түсірілген болып шықты

Әлеуметтік желіде теңіз жағасында отырған әйел бейнеленген видео кеңінен тарады. Желі қолданушылары оны Каспийдегі қайғылы оқиғамен байланыстырып, кадрдағы әйелді қаза тапқан сарбаздардың бірінің анасы деп жазған. Бірақ видеоның Қазақстанға қатысы жоқ екені анықталған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі NoFake.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Видеоны түсірген автордың сөзінше, кадрлар Марокконың Танжер қаласында түсірілген.
"Сәлеметсіз бе. Иә, кеше видеоны сынақ ретінде жариялап, ұйықтап қалған едім. Таңертең қарасам, пікірлер мен репосттар өте көп екен. Видео Мароккода, Танжер қаласында түсірілді. Кадрдағы әйел — Алжирден келген қыз. Видеомның Қазақстан аудиториясына қалай тарап кеткенін өзім де білмеймін. Қазақстандағы жаңалықтардан хабарсыз едім, ол жақта ешқашан болған емеспін. Сарбаздарыңызға қатысты жағдайға қатты қайғырып отырмын. Көңіл айтамын", – деп жауап берді видео авторы.
Еске салайық, бұған дейін Тоқаев Каспий теңізінде көз жұмған сарбаздарды мемлекеттік наградалармен марапаттаған еді.
"Әскерден келген соң үйленеміз деп еді": Каспийде қаза тапқан сарбаздардың жақындары жанайқайын жеткізді
Жанардың айтуынша, отбасы Олжасты қуанышпен күтіп отырған
"Алдымен үйленейік, кейін Сирияға барайық": Бейтаныс адамдар әлеуметтік желі арқылы қазақстандықтарды қалай арбайды
Әлеуметтік желіде ер адамға Сирияға барып соғысуды ұсынған