Тоқаев Каспий теңізінде көз жұмған сарбаздарды мемлекеттік наградалармен марапаттады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысындағы оқу-жаттығу жиыны кезінде қаза тапқан әскерилерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен марапаттады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ақорда ақпаратына сәйкес марапат келесідей бөлінген:
- Бауыржан Момышұлы атындағы ІІ дәрежелі "Айбын" орденімен:
- Мұхтарұлы Олжас – 29011 әскери бөлімі взводының командирі.
- Рахымжан Қошқарбаев атындағы ІІІ дәрежелі "Айбын" орденімен:
- Аяпберген Сержан Талғатұлы – 29011 әскери бөлімі бөлімшесінің командирі;
- Бегей Дастан Нұрболұлы – 29011 әскери бөлімінің аға матросы (аға атқышы);
- Бердіханов Мейрамбек Ермұханұлы – 29011 әскери бөлімі бөлімшесінің командирі;
- Гилаж Ақжайық Болатбекұлы – 29011 әскери бөлімінің матросы (граната атқышы);
- Ғұмаров Мансұр Айтбайұлы – 29011 әскери бөлімі бөлімшесінің командирі;
- Диханбаев Олжас Тәжібайұлы – 29011 әскери бөлімі бөлімшесінің командирі;
- Жаңабай Әсет Саматұлы – 29011 әскери бөлімінің маманы (көздеушісі);
- Көбенов Алмас Жүсіпұлы – 29011 әскери бөлімінің матросы (граната атқышы);
- Мәдіхан Азамат Болатбекұлы – 29011 әскери бөлімінің матросы (граната атқыштың көмекшісі);
- Өмірзақ Өмірбек Өмірболатұлы – 29011 әскери бөлімінің матросы (граната атқышы);
- Темірғалиев Жеңіс Тілеуішұлы – 29011 әскери бөлімінің матросы (оқшашар атқыштың көмекшісі);
- Төлеген Ақылбек Қабденұлы – 29011 әскери бөлімінің аға матросы (аға атқышы);
- Тұрдыбекұлы Мирас – 29011 әскери бөлімінің матросы (атқышы).
Зейнетақы жинағын аннуитетке аудару тиімді ме, әлде БЖЗҚ-да қалдырған дұрыс па? Сарапшы түсіндірді
Қазақстандықтарға зейнетақы жинағын сақтандыруға асыққан жөн
Ұлттық банк шешімінен кейін банктер жаңа депозиттер бойынша пайыздық мөлшерлемені төмендетуі мүмкін
Ақша-кредит саясаты мен базалық мөлшерлеменің экономикаға әсері белгілі бір уақыт өткеннен кейін байқалады.