Қазақстан ауыр атлетикадан Азиадада күміс медаль иеленді
Ауыр атлет Аянат Жұмағали Азия ойындарында күміс жүлдеге ие болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қазақстандық ауыр атлет Аянат Жұмағали Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарында сәтті өнер көрсетті.
Отандасымыз әйелдер арасында 77 келіге дейінгі салмақта күміс жүлдегер атанды. Ол жұлқа көтеруде 109 келіні, серпе көтеруде 137 келіні бағындырды. Осылайша Аянат қоссайыс қорытындысы бойынша 246 келіні еңсерді.
Қытайлық Хэ Жэньсю алтын медаль жеңіп алды – 258 (118+140). Рейхане Карими (Иран) үздік үштікті түйіндеді 243 (107+136).
"Әскерден келген соң үйленеміз деп еді": Каспийде қаза тапқан сарбаздардың жақындары жанайқайын жеткізді
Жанардың айтуынша, отбасы Олжасты қуанышпен күтіп отырған
"Алдымен үйленейік, кейін Сирияға барайық": Бейтаныс адамдар әлеуметтік желі арқылы қазақстандықтарды қалай арбайды
Әлеуметтік желіде ер адамға Сирияға барып соғысуды ұсынған