Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Аудиторлар қорғаныс министрлігінде бюджет қаражатының жұмсалуын тексеріп жатыр

аудиторлар тексерді

Жоғары аудиторлық палата Қорғаныс министрлігінде мемлекеттік аудит жүргізе бастады. Тексеру бюджет қаражатының қаншалықты тиімді жұмсалғанын және әскери бөлімдердің материалдық-техникалық қамтамасыз етілу мәселелерін қамтиды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Бұған дейін президент тексерудің алғашқы нәтижелерін бір апта ішінде ұсынуды тапсырған еді. Комиссияны Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары Аида Балаева басқарады. Оның орынбасары болып Жоғары аудиторлық палатаның басшысы Әлихан Смайылов тағайындалды.

Комиссия құрамына Президент Әкімшілігінің, Қаржылық мониторинг агенттігінің, Қауіпсіздік кеңесінің, Қаржы министрлігінің, Бас прокуратураның, ҰҚК мен Ұлттық экономика министрлігінің өкілдері кірді.

Еске салайық, бұған дейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Айдос Мырзахметовті қорғаныс министрі етіп тағайындаған еді. 

Назархан Уән
Жексенбі, 27 Қыркүйек, 2026 12:55