Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Айдос Мырзахметов қорғаныс министрі болып тағайындалды

Айдос Мырзахметов

Фото: Aqorda

Айдос Мырзахметов елдің жаңа қорғаныс министрі болып тағайындалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

“Мемлекет басшысының Жарлығымен Айдос Сәкенұлы Мырзахметов Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды”, – делінген Ақорда хабарламасында. 

Айдос Сәкенұлы Мырзахметов – 2002 жылы Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің Әскери академиясын бітірген. Қызмет жылдарында взвод командирінен бастап, Мемлекеттік күзет қызметі департаментінің бастығына дейінгі жолдан өтті. Өзінің жоғары кәсіби біліктілігін, табандылығы мен қабылдаған шешімдері үшін жауапкершілігін көрсетті.

2024 жылғы қаңтарда Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Арнайы операциялар күштерінің қолбасшысы болып тағайындалды. II дәрежелі "Айбын" орденімен марапатталған.

Назархан Уән
Жексенбі, 27 Қыркүйек, 2026 11:38