Дәрігер смартфонға инфекция жиналмау үшін оны қалай тазалау керегін айтып берді
Терапевт Светлана Бурнацкая смартфонға қауіпті бактериялар жиналмауы үшін оны қалай күту керегін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі РИАМО басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Бурнацкаяның айтуынша, смартфонды аптасына бір рет тазалап тұру жеткілікті. Алайда медициналық мекемелерде, қоғамдық көлікте немесе құрылғы тез ластануы мүмкін басқа да орындарда жиі жүретін адамдарға оны жиірек тазалауға кеңес берді.
Терапевт смартфонды тазалау үшін электроникаға арналған арнайы майлықтарды немесе құрамында шамамен 70 пайыз изопропил спирті бар ерітіндімен сәл дымқылданған жұмсақ шүберекті пайдалануға болатынын айтты.
Дәрігер құрылғының бетіндегі барлық микроорганизмді жоюға тырысудың қажеті жоқ екенін де атап өтті. Оның сөзінше, инфекциялардан қорғану үшін қарапайым гигиена ережелерін сақтаған жеткілікті.
"Тамақ ішіп отырғанда смартфонды пайдаланбаған, көшеден немесе дәретханадан кейін қолды жумай құрылғыны ұстамаған және оның бетін мезгіл-мезгіл тазалап тұрған жөн", – деп кеңес берді дәрігер.
"Әскерден келген соң үйленеміз деп еді": Каспийде қаза тапқан сарбаздардың жақындары жанайқайын жеткізді