Жүкті әйелдерге вакцина алуға бола ма – Вице-министрдің жауабы
Денсаулық сақтау министрлігі жүкті әйелдерге коронавирус індетіне қарсы вакцина салдыруға бола ма дегенге қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Жалпы вакцина салдырғаннан кейін адам иммунитеті 2 айдан соң қалыптасады, оны мамандар да айтып өтті және өзімізде көріп отырмыз. Сондықтан жүктілікті жоспарлаған азаматша коронавирусқа қарсы вакцинаны 2 ай бұрын алғаны дұрыс. Ал жүкті әйелдерге келсек, вакцинаның аннотациясында клиникалық зерттеулер жүргізілмегендіктен бұл санатқа жататын азаматшаларға қаралмаған деп жазылған", - деді ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният ОКҚ-де онлайн өткен баспасөз мәслихатында.
Бұған дейін министрдің орынбасары еліміздің ірі қалаларында жаппай вакцина салу қалай ұйымдастырылатыны жөнінде айтып берген болатын.
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"
"Туған күнімді үкімет жасап береді": Наурызды ерекше атап өтетін қазақстандықтар қызық оқиғаларын бөлісті
Наурыз: “Есімім Наурыз, 22 наурыз туған күнім”