Қазақстанда вакцина далада салынатын болды
Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният онлайн баспасөз маслихаты барысында вакцина салатын арнайы орындар емхананың алдында, далада ұйымдастырылатынын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Вице-министр ірі қалаларда вакцина салу қалай ұйымдастырылатынын айтты. Ажар Ғинияттың сөзінше, вакцина салуға сауда орталықтары, емханалар мен емхананың ауласы қолданылады.
"Күн жылы өңірлерде емханалардың алдына уақытша вакцина салатын орындар жасақтаймыз. Қазір министрліктің тарапынан уақытша вакцина салатын орынға қойылатын талаптар бекітіліп жатыр. Адам саны көп аймақтарда емханаларда, емханалардың алдында, басқа да медициналық ұйымдарда вакцина салынады. Үлкен мегополистерде сауда орталықтарында да егу бөлмелері ұйымдастырылады. Ең бастысы вакцина тұрақты температурасы сақталған, салқын жерде сақталып, жеткізілетін болады", - дейді Ажар Ғиният.
"Жарақатты үйде алдым деп айт": Жұмыс берушілер өндірістегі оқиғаны неге жасырады және қызметкер не істеуі керек
Жарақат алған жұмысшының құқығын қорғаудың қандай жолдары бар екенін заңгер айтты
"Мінбердегі тартыс 7 сағатқа созылды": Нұрлан Оразалин Егемендік декларациясының қалай қабылданғанын айтып берді
Нұрлан Оразалин Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің XII шақырылымының депутаты болған әрі осы тарихи құжатты әзірлеуге тікелей қатысқан