Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жүкті әйелдерге неліктен кофеден бас тартқан дұрыс

Жүкті әйелдердің кофе ішуі түсік тастауға алып келуі мүмкін. Бұл туралы Америка ұрпақ өрбіту медицинасы ұйымының филадельфиялық конгрессінде таныстырылған зерттеуде жазылған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Жүкті әйелдерге неліктен кофеден бас тартқан дұрыс

АҚШ-тың Ұлттық денсаулық сақтау институтының ғалымдары 2007-2011 жылдары босануды жоспарлаған 1 228 әйелді бақылаған. Қатысушылардан сауалнамада кофені қаншалықты жиі ішетінін көрсетуін сұрап, артынша қанындағы кофеин мөлшері өлшеніпті. Мұнан кейін медицина қызметкерлері кофенің жүктілікке әсерін бақылапты. 

Нәтижесінде күніне 2 шыныдан көп кофе ішу түсік тастау қатерін айтарлықтай арттыратыны анықталды. Бұл орайда атап өтерлігі, жүктіліктің алғашқы 8 аптасында әйелдерге құрамында кофеин бар сусындар кері әсер етеді екен. 

«Олардың қатарында тек кофе емес, қуаттандыратын сусындар, тіпті шай да бар. Кофеинді барынша аз тұтынса да, нәресте салмақ жетіспеушілігі немесе басқа да кемшілікпен туылуы мүмкін. Ғалымдар неліктен дәл осы кофеиннің нәрестеге теріс әсер ететінін әзірге білмей отыр. Алайда оған кофе мен осы тәрізді басқа да сусындардың ынталандырушы әсері себеп болуы мүмкін деген ақылға қонатын болжамы бар. Біріншіден, мұндай сусындар адамның қан қысымын көтереді. Екіншіден, жүрек соғысын жиілетеді. Осының бәрі түсік тастауға алып келуі ықтимал», - делінеді хабарламада.

Жүктілікті жеңіл өткізу үшін әр күнге арналған кеңестер >>>

Зерттеушілер жоғарыдағы пікірге сүйеніп, жүктілік кезінде құрамында кофеин бар сусындардан бас тартуға кеңес береді. Ең дұрысы, бұған бала бойға біткенге дейін дағдыланған жөн, дейді ғалымдар. Сонымен қатар олар жүкті әйелдерге ауыр көтермеуге, дұрыс киім таңдауға кеңес береді.

«Десе де зерттеушілер кофеиннің жүкті әйелдерге әсері туралы асыра сілтеуі де мүмкін. Зерттеу нәтижесі нақты болмауы ықтимал. Себебі зерттеуге қатысушылар жалған ақпарат беріп, күнделікті ішетін кофенің мөлшерін азайтып көрсетуі мүмкін. Сондай-ақ, бірнеше жыл бұрын жүргізілген зерттеулерде ғалымдар кофе мен түсік тастау арасынан байланыс таппаған», - делінеді хабарламада. 

Ғалымдардың кейбірі адамдар күніне 25 шыныға дейін кофе іше алады деген пікірде. Ұлыбританиялық ғалымдар 8 412 адам қатысқан зерттеу нәтижесінде осындай тұжырым жасаған. Қатысушылардың кейбірі күніне 20 шыны кофе ішіп, өзін жақсы сезініпті. Медициналық тексеру барысында олардың жүрек-қан тамырлар жүйесі кофені аз ішетіндерден нашар жұмыс істемейтінін көрсетті.

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Көкшетауда 16 жастағы қыз бір аптадан бері іздестіріліп жатыр

Соңғы рет студент қыз ауылына әкесіне баратынын айтқан

Махаббаттары бәріне төзуге дайын: "Ұлы Дала жанұясы" телехикаясы көрерменге жол тартады

Телехикаяны жұмыс күндері сағат 22:05-те "Жетінші арнадан" көріңіздер!

"Еуропаға барғанда "Нұр-Сұлтандағыдай" дейтін болам": Әнші Лолита елордадағы тазалық туралы (видео)

Лолита: Мен осы елдің махаббатын жан-тәніммен сезінемін

Стати Нью-Йоркте Қазақстанға қарсы шағымын қайтарып алды

Стати бұл шағымын 2017 жылдың маусым айында берген

"Өлтіріп кетер еді": БҚО-да браконьерлер қорықшыға оқ жаудырды

Қорықшы оқиғаның қалай болғанын айтып берді

Ақша аударымдары үшін салық өндіріле ме? Қаржы министрі жауап берді

Әлихан Смайылов қазақстандықтардың қолма-қол емес ақша аударымдары туралы түсінік берді

Қазақстандық рак ауруына шалдыққан адамдарға арналған дәрі-дәрімектер Ресейде сатылымда жүр

Бұл жағдайдың тексерілуін денсаулық сақтау министрлігі өз бақылауына алыпты

"Бақылау жоқ": Президент еліміздегі азық-түлік бағасының қымбаттауы туралы айтты

Тоқаев: Халықтың табысын көтеру бойынша жасап жатқан шараларымыз жоққа шығарылады

"Қорқынышты екенін жалқау ғана айтпаған шығар": Тоқаев жыр болған дәретханаларды сынады

Президент туризмнің артта қалуына әсер ететін нақты факторлар барын айтты

Мемлекет басшысы: Менің тапсырмам бойынша жұмыстар өте баяу жүріп жатыр

Президент тапсырмаларын баяу жүзеге асырып жатқан шенеуніктерді сынға алды
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр