AAPL
174.15 $
-0.23 %
TSLA
908.61 $
-0.37 %
NDAQ
192.12 $
-0.86 %
GOOGL
120.17 $
0.52 %
FRHC
58.54 $
1.3 %
AAPL
174.15 $
-0.23 %
TSLA
908.61 $
-0.37 %
NDAQ
192.12 $
-0.86 %
GOOGL
120.17 $
0.52 %
FRHC
58.54 $
1.3 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жүкті әйелдер мен балалар маймыл шешегіне осал - ДДСҰ

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы инфекцияның жоғары деңгейдегі таралуы кейбір әлсіз топтарға қауіп төндіретіні жөнінеде ескерту жасады, деп хабарлайды Stan.kz Ақпарат агенттігі Deutsche Welle сілтеме жасап.

ДДСҰ басшысы денсаулық сақтау қызметкерлерлері әлеуметтік осал топтағы адамдарға жеткізбей маймыл шешегінің жоғары деңгейдегі тұрақты таралуын болдырмау үшін қолдан келгеннің бәрін жасау керектігін айтты.

"Мен бұл аурудың тұрақты таралуына алаңдаймын. Бұл вирус бізге жабысып алды, енді ол жұқтыру қаупі жоғары топтарға, соның ішінде балалар мен иммунитеті төмен адамдар және әйелдерге ауысы мүмкін." - деді Тедрос Адханом Женева қаласындағы ДДҰ-ның бірлескен отырысында.

28 маусымдағы жағдай бойынша АҚШ-тың Ауруларды бақылау және алдын-алу орталықтары (CDC) бұрын маймылдың шешек ауруы болмаған елдерде 4700-ден астам жағдайды тіркеді. Сонымен қатар, бұрын вирус толқындары байқалған Африка елдерінде 60-қа жуық жағдай тіркелген. Маусым айының басында ДДСҰ бұл елдерде 1500-ден астам болжамды жағдай туралы хабарлады.



Өткен аптада тәуелсіз сарапшылардың төтенше комитеті мүшелерінің көпшілігі ДДСҰ-ның ең жоғары дабыл деңгейіне айналатын "Халықаралық денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдай" (CHSZMZ) жариялануына қарсы дауыс берді. Аталмыш PHEIC деңгейі бұған дейін тек алты рет қолданылған. Соңғысы қазіргі уақыттағы COVID-19 пандемиясына қатысты.

Маймыл шешегі – адамдарға жануарлардан берілетін сирек кездесетін вирустық зоонозды ауру. Ол алғаш рет 1970 жылдары Конго Демократиялық Республикасында тіркелген. Симптомдарға қызба, бас ауруы және бет әлпетінен басталып, дененің қалған бөліктеріне таралатын тері бөртпелері жатады.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр