Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Жүк шахтасының саңылауына құлап кеткен": Қазақмыста тағы бір жұмысшы мерт болды

"Қазақмыс" компаниялар тобы 19 наурызда Ұлытау өңіріндегі Шығыс Жезқазған кенішінде апат болғанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Depositphotos.com

№57 шахтада тауарлық-материалдық заттарды түсіру кезінде 1994 жылы туған жұмысшы жүк шахтасының платформасының саңылауына құлап кетті. Алған жарақаттардың салдарынан жұмысшы оқиға орнында көз жұмды.

Оқиғаның мән-жайы мен себептері тексеріліп жатыр. Қазақмыс компаниясы ықтимал қауіпті аймақтардағы өндірісті уақытша тоқтатып, барлық жерде қауіпсіздік шараларын күшейткенін хабарлады. 



"Қазақмыс" компаниялар тобының өндірістік нысандарындағы апаттардың көбеюіне байланысты корпорация басшылығы бүгіннен бастап бекітілген кестелерге сәйкес қауіп жоғары барлық технологиялық процестерді тоқтату туралы шешім қабылдады.

Еске салайық, бұған дейін Ұлытау облысында Жаңаарқа ауданында "Қазақмыс Корпорациясы" ЖШС-ның Жомарт кеніндегі үйінді астынан жеті қызметкердің де денесі табылды. Кейін қаза тапқан кеншілердің отбасыларына қандай көлемде жәрдемақы берілетіні белгілі болды.

Талқылау