Тоқаев Ұлытау облысында кеншілердің қаза табуына байланысты көңіл айтты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлытау облысында кеншілердің қаза табуына байланысты көңіл айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Depositphotos.com
"Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақмыс" корпорациясының Ұлытау облысындағы кенішінде тау массасының құлауы салдарынан қаза болған жұмысшылардың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айту жеделхатын жолдады. Мемлекет басшысы үкіметке төтенше жағдайдың мән-жайын мұқият тексеру жөнінде міндет жүктеді", – делінген Ақорданың хабарламасында.
Салалық ведомстволар мен өңір әкімдігіне марқұмдардың отбасыларына барлық қажет көмек көрсету туралы тапсырма берілді.
Еске салайық, бұған дейін Ұлытау облысында Жаңаарқа ауданында "Қазақмыс Корпорациясы" ЖШС-нің Жомарт кенінен үйінді астынан жеті қызметкердің де денесі табылды. Соңғы табылған кеншінің жеке басы анықталып жатыр. Төтенше жағдайлар министрлігінің жедел штабының "жедел желісіне" 23 қоңырау келіп түскен.

"Баланы тұз қосылған суға шомылдыру, омырауын сығу" сынды салттар қаншалықты дұрыс – Мамандар жауап берді
