Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жүк көліктерінің жүргізушілері Қазақстан-Қытай шекарасына барар жолды тағы да жауып тастады (видео)

"Нұр жолы" шекара бекетінен бірнеше ай бойы өте алмаған жүк тасымалдаушылары тағы да жолды жауып тастады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

жүк

Наразылыққа шыққан халық мәселенің шешімі табылмай жатқандықтан Қазақстан-Қытай шекарасына барар жолды жүргізушілер жауып тастады. Ұзын-сонар жүк көліктерінің кептелісі түсірілген видео желіде таралды. 

"Атқарушы билік не шекара қызметі тарапының халықтың шағымына құлақ асар түрі жоқ. Наразы тұрғындарға алты ай бойы басу айтып келе жатырмыз. Бірақ шыдамның да шегі бар ғой. "Евротранзит" ұйымы халықтың нанын тартып алды. Жалған электронды кезек ұйымдастырып, жүк тасымалдаушыларын Қытайға өткізбей отыр", - дейді кәсіпкер Бақытжан Мукаметжанов.

Айтуынша, жолды жабу арқылы жүргізушілер электронды кезекті жоюды талап етуде. 

Айта кетейік, бұған дейін наразы топ мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтан көмек сұрап, хат жолдаған. Олардың сөзіне сүйенсек, мәселенің шешілмегеніне осымен алты айдан асыпты.  

Талқылау