Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Электронды кезек жағдайды ушықтырды": Қазақ-қытай шекарасында тұрып қалған жүк тасымалдаушылары мәселенің алты айдан бері шешілмегеніне наразы

"Нұр жолы" қазақ-қытай бекетінде алты айдан бері өте алмай жатырмыз деген жүк көліктерінің жүргізушілері редакциямызға шағымданды. Айтуларынша, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеу жасаған олардың мәселесі әлі күнге дейін шешілер емес. Stan.kz тілшісі олардың шағымын тыңдап, жағдайдың жай-жапсарын анықтап көрді. 

дальнобойщики

Айта кетейік, пандемия басталғалы бері шекарадағы Қазақстан мен Қытай арасындағы жүк тасымалына тұсау қойылған еді. Жағдай ушығып, "Нұр жолы" бекетінде ұзын-сонар кептеліс пайда болған.

Жүк тасымалдаушылары "Қорғас" және "Нұр жолы" бекеттерінен өте алмай жатқандарын айтады. Сөздерінше, қазірде тауар тасымалына жауапты "Евротранзит" ұйымы тек бірнеше жүк көлік жүргізушілеріне шекарадан өтуге рұқсат берген.  Арада 6 ай өтсе де жағдай еш өзгермеді, дейді жүк тасымалдаушылары. Сөздеріне сенсек, электронды кезек мәселенің шешімі болудың орнына керісінше, жағдайды ушықтырып жіберген. 

"Біз күнімізді Қытайға жүк тасып, содан түсетін ақшаға көруші едік. Бірақ алты айдан бері жұмысымыз тоқтап қалды. Өйткені бізге Қытайға өтуге тыйым салып отыр. Электронды кезек дегенді енгізген еді. Алайда оның көмегінен зияны көбейіп кетті. Мұндағы жүк тасымалдаушыларының отбасылары бар, бала-шағамызды бағуымыз керек. Одан бөлек, төленбей тұрған несиелері қыспаққа алуда. Электронды кезек мүлдем қимылдамайды. Шығарып жатқан заңдары халықтың жағдайына қарама-қайшы. Әлгі кезекте жеті мыңнан астам жүк көлігінің жүргізушілері тұр. Президентке де, министрлерге де үндеу жасадық. Әлі жауап келмеді. Бармаған жеріміз, баспаған тауымыз қалмады", - дейді жүк тасымалдаушысы Бақытжан Мукаметжанов. 



Айтуынша, ол көрші елден жеміс-жидек пен көкөніс тасып, ақша тапқан. Алайда қазіргі шекарадағы жағдайдан соң жұмыссыз қалыпты. Жүргізушінің бұл күйін одан басқа жүздеген адам кешіп отырған көрінеді. Осыған орай, жүк тасымалдаушылары БАҚ-та видеүндеу жариялап, мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаевқа хат жолдаған. 

"Пандемия жағдайында Қытай өткізуге болатын автокөліктердің санын қыстқартты. Бұған дейін "Нұр жолы" бекеті арқылы бір күнде 200 көлік өткізуге рұқсат берілсе, қазіргі күні бұл көрсеткіш 20-30-ға дейін қысқарған. Бірқатар шаралардың арқасында бүгінде күніне 80 көлік өткізуге рұқсат етілді. Дегенмен 2020жылдың 10 қарашасынан бастап Қытай тарапы көліктердің санына қайта шектеу қойды. Экспорттық тауарлары бар жүк көліктерінің өтуіне тыйым салынды", - деді мемлекеттік кірістер комитетінің өкілдері Baigenews.kz порталына берген түсініктемесінде.

Талқылау