Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан шекарадағы жағдайға байланысты Қытайға нота жіберді

Қазақстан шекарадағы жағдайға байланысты Қытайға нота жіберді. Бұл туралы премьер-министр Асқар Маминнің Мәжіліс депутаттары тобының кедендік өткізу пункттеріндегі жүк ағыны проблемалары туралы сауалына берген жауабында белігіл болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"10 қарашадан бастап қытай тарапы Қазақстан тарапынан қабылданатын автокөлік құралдарының (АТС) санын шектеді және экспорттық тауары бар АТС-ты ауыстыруға тыйым салынды. Анықтама: 10-24 қараша аралығында Қытай тарапы 381 АТС қабылдады. Бұл мәселені шешу үшін сыртқы істер министрлігі ҚХР-дың Қазақстан Республикасындағы елшілігіне нота жолдады", - делінген жауапта.

Маминнің мәлімдеуінше, Қытай тарапынан қабылданып жатқан бос машиналар санының төмендеу себептері туралы, сондай-ақ экспорттық тауары бар автокөлік құралдарының жүруіне тыйым салу туралы ресми ақпарат түспеген.

"Бұл жағдайды реттеу үшін қытай тарапымен тауар айналымын арттыру, оның ішінде бұрын жабық "Дулаты" - "Көлжат" және "Майқапшағай" - "Зимұнай" өткізу пункттерін ашу бойынша келіссөздер жүргізілуде", - деп толықтырды премьер-министр.



Мамин пандемия жағдайында Қытай Қазақстан тарапынан қабылданатын автокөлік құралдарының санын күніне 20-30 бірлікке дейін шектегенін атап өтті.

"Пандемияға дейін "Нұр жолы" өткізу пункті арқылы Қытай жағына күн сайын 200-ден астам АТС шықты. Өткізу пункттерінің өткізу қабілетін арттыру жөніндегі ахуалды реттеу мақсатында қытай тарапымен келіссөздер жүргізілді. 1 шілдеден бастап уақытша жабық қазақстандық "Қалжат" және "Майқапшағай" өткізу пункттері ашылды. Алайда, жүргізілген келіссөздерге қарамастан, Қытай тарапындағы іргелес өткізу пункттері жабық күйінде қалып отыр", - деді үкімет басшысы.

Бұдан басқа шекаралас көлік-логистикалық орталықтарға тауарлармен бірге қытайлық АТС жүргізушілері үшін визасыз режимде 24 сағатқа кіру мүмкіндігі жүзеге асырылды. Бұл шаралар Қытай тарапы қабылдайтын АТС санын күніне 80 бірлікке дейін арттыруға мүмкіндік берді.

Бұған дейін мәжіліс депутаттары Қытаймен шекарадағы кедендік өткізу бекеттеріндегі жүк ағыны проблемасына байланысты үкіметке сауал жолдаған. Олардың айтуынша, бақылау-өткізу пунктінда 2,5 мың көліктің 50 шақырымға созылған кезегі пайда болған. Жүргізушілер көліктері 2-3 айдан бері қозғалмай тұрғанына наразылық білдірген.

Талқылау