Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Танысы барлардың ғана көліктері өтеді": Бірнеше ай кезек күткен жүргізушілер "Қазақ-Қытай" шекарасына барар жолды жауып тастады

"Қазақ-Қытай" шекарасына барар жолды жүргізушілер жауып тастады. Кеше таңнан бері Қорғастағы "Нұр жолы" кеден бекетінде азаматтар дүрлігіп, полицейлер қаптап, халықтан маза қашып жатыр. 100 күннен артық Қытайға кіре алмаған жүргізушілер кезекті әлдекімдер әдейі жылжытпай тұрғанын айтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "31" арнаның "Информбюро" бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Полицейлер бір-бірімен қолтықтасып, қатар тұрып жолға шыққан жүргізушілерді итеріп, ығыстырды. Ал наразы халықтың саны өте көп.

"Қарап отырсаң, тойсынның ғана машинасы ғана кіреді. 20 машинаны әкімдік алып алған. 20 машинаны жылдам жүк көлігі  дейді. Күнде осылар кіреді, қалған машиналар тұрады. Бұл машиналар кезекте жоқ", - деді көлік жүргізушісі Байзақ Бейсебаев.

"Қытай қабылдамай жатыр деп кезекті тоқтатты. Мына машиналар жүріп жатыр, кезекте жоқ", - деді көлік жүргізушісі Жанболат.

"Қытай қабылдамаса, ол жүк қайдан шығады, 15-20 машина тандем қайдан шығады. Бәріміздің 3-4 бала-шағамыз бар. ИП ашып қойдық, оған төлеу керек, кредит бар", - деді көлік жүргізушісі Рүстем.

Жүргізушілердің сөзінше, "Нұр жолы" кеден бекетінде тек "танысы барлардың" ғана көліктері өтіп жатыр. Ал бекеттегілер: "егер Қытай жағы қабылдаса біз көліктерді кедергісіз өткізе береміз" - дейді.

"Бүгін кіретіндер электронды кезекте тұрған 40 автокөлік кіреді. Ең негізі Қытай Халық Республикасының көліктерінен біздің Қазақстан көліктеріне басымдық беріледі. Негізгі басымдық соларда ғой", - деді "Нұр Жолы" кеден бекеті бастығының міндетін атқарушы Тұрсын Ермек.

Қазір "Нұр Жолы" кеден бекетінде 400 астам жүк көлігі Қытайға кіріп, тауар алып шығу үшін кезекте тұр. Онсыз да үш айдан астам кезек күтіп жүрген жүргізушілердің енді тағы қанша ай уақыт тұратынын ойлаудың өзі қорқынышты.

Бұған дейін жүргізушілер Қазақстан-Қытай шекарасын жауып тастауға ниетті екені хабарланды.

Талқылау