Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жүргізушілер Қазақстан-Қытай шекарасын жауып тастауға ниетті

 

Жүргізушілер Қазақстан-Қытай шекарасын жауып тастауға бекініп отыр. Шыдамдарының шегі таусылған азаматтардың айтуынша, басқа жол жоқ. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "31" арнаның "Информбюро" бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Алматы облысына қарасты Қорғастағы "Нұр Жолы" кеден бекеті арқылы өтетін жүргізушілер карантин басталғалы жаздың ыстығында да, қыстың суығында да Қытайға кіре алмай жүр. Ұзын-сонар кезекте тұрғандардың сөзінше, жолдан пара бергендер өтіп жатыр.

Қазақ-Қытай шекарасында тамыз айында көлік кептелісі 63 шақырымға созылғанда электронды қадағалау болады, тәртіп орнайды деп сендірген еді. Бірақ сенімі ақталмады. Жүргізушілердің сөзінше, электронды кезекте алдындағы және одан кейінгі қандай жүк көліктердің өткені көрсетілмейді.

"Кімнің өтіп, кімнің кезекке тұрғанын көре алмаймыз" деген жандар электронды кезек керек емес екенін айтады. Жүргізушілер осындай талап қойды.

Ал "Нұр Жолы" кеден бекетіндегілдер де, не Панфилов ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі де жағдайға түсініктеме бермеген.

Талқылау