Жорабаева: Ажырасқалы ыңғайсызданып, өзімді төмен сезінемін

Әнші Алтынай Жорабаева  күйеуі Сәбит Әбдіхалықпен ажырасқаны жайлы өзі айта бастады,-деп жазды Stan.kz.

әншілер

Әнші бұған дейін отбасылық мәселелеріне қатысты сұрақтардың ешқайсысына да жауап бермейтін. Тек Астанада тұрып жатқанын, қыздарын сол қалада мектепке бергені туралы ашық айтқан.

«Бейбітпен таныстығымыз, сонаааау 1997 жылы ” Жас қанат” байқауынан бері . Бір-бірімізді көрмегелі біраз болған еді…. Шынында да қатты сағынып қалған екенмін….Бірақ шүйіркелесе алмадық…. Тойдағы қатты музыкадан ба?»,-деп жазды әнші желідегі парақшасына.

Осы жазбаның астына хештег арқылы Алтынай ішкі ойын жайып салған.

« Ажырасқалы өзімді төмен санайтын болыппы. Әсіресе күйеуі бар келіншектермен отырғанда күйеулерінен қатты ыңғайсызданамын. Бәрібір олардың күйеулеріне әйелінің ажырасқан әйелмен араласқаны ұнамайды ғой»,-деп жазды Алтынай.

Осыны байқап қалған желі оқырмандары Алтынайға түрлі пікірлерін ашық жеткізіп жатты.

«Сіз бақытқа лайықсыз. Опасыздық жасаған адамды кешіруге болмайды», «Мүмкін, алдағы уақытта қосыларсыздар?», «Қыздарыңыз барда ажыраспаңыздар» деген сынды алуан түрлі кеңестер қарша борады.

Оқи отырыңыз:

Ерке Есмаханға астаналық жігіті отбасын құруға ұсыныс білдірген

Талғат Жорабев ер адамдардың келіншектері босанғанда серіктес болуына қарсы шықты

Зарина Омарова артық салмақтан арылу туралы кітап жазып жатыр

Айгүл Иманбаева да өзі туралы кітап шығармақ

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр