AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағанды облысында жолаушы такси жүргізушісіне бірнеше рет оқ атқан

Қарағанды облысы Майқұдық қаласының тұрғындары такси жүргізушісі мен жолаушы арасындағы жанжалды видеоға түсіріп алған. Куәгерлердің сөзінше, жанжал барысында жолаушы жүргізушіге үш рет оқ атқан, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. 

такси жүргізушісі

Оқиға 27 қазанда Майқұдық қаласындағы 15 шағын ауданда болған. Куәгерлер такси жүргізушісі мен жолаушының бастапқыда дауласқанын, кейін жолаушының бірнеше рет оқ атқанын айтады. 

Такси жүргізушісіне жасалған шабуылды тұрғындар видеоға түсіріп алған. Олардың сөзінше, зардап шегуші мойын, кеуде және ішінен жарақат алған. Жүргізушіні ауруханаға алып кеткен. 

"Мұндайды көреміз деп ойламадық. Оған үш рет оқ атты, ал ол тоқтамады. Травматикалық қару болуы керек, бірақ сонда да. "Терминатор" секілді. Тіпті жедел жәрдемге де өзі барып отырды. Бұл 15 шағын ауданның маңында болды. Полиция қызметкерлері бірден келді", - дейді куәгер. 

Оқиға орнында түсірілген видеоға қатысты Қарағанды облысы Полиция департаментінде пікір білдірді. Ведомстводағылар істің мән-жайы әлі анықталып жатқанын айтты. 

"27 қазан күні шамамен 22:10-да 55 жастағы жолаушы мен 35 жастағы такси жүргізушісінің арасында жанжал туындаған. Дерек полицияда тіркелді. Қазіргі уақытта істің мән-жайы анықталып жатыр. Оқиғаның себептері жайлы қосымша хабарланатын болады", - деді Қарағанды облысы Полиция департаментіндегілер.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр