Оңтүстік өңірдегі тағы 19 ауыл жоғары жылдамдықты интернетке қосылды
"Қазақтелеком" АҚ ауылдық жерлерде заманауи цифрлық қызметтердің қолжетімділігін арттыру жұмыстарын жалғастырып келеді. Қазір талшықты-оптикалық байланыс желісіне қосылуға техникалық мүмкіндігі жоқ ауылдық елдімекендер үшін тиімді шешімдердің бірі – "нүкте-көп нүкте" (точка-көп нүкте) технологиясы негізінде жұмыс істейтін "Радиокөпір" базалық станцияларын пайдалану.
2026 жылдың жеті айында Оңтүстік өңірдегі 19 ауылдық елді мекенде "Радиокөпір" базалық станция жабдығы орнатылды. Соның 14-і Қызылорда облысында орналасқан. Жобаны іске асырудың арқасында 1 000-нан астам үй шаруашылығы жоғары жылдамдықты интернетке қосылу мүмкіндігіне ие болды.
Өңірде атқарылған ауқымды жұмыстың арқасында Қызылорда облысы "Радиокөпір" БС жобасын іске асыру бойынша республикада көш бастады. Бүгінде дәл осы өңірде аталған үлгідегі базалық станцияларды орнату бойынша ең көп жоба жүзеге асырылды. Бұл ауыл тұрғындарының заманауи байланыс қызметтеріне қолжетімділігін едәуір арттыруға мүмкіндік берді.

Жоғары жылдамдықты интернет ауыл тұрғындары үшін қашықтан білім алуға, мемлекеттік қызметтерді онлайн форматта алуға және телемедицина мүмкіндіктерін пайдалануға жол ашады.
"Радиокөпір" технологиясы қазіргі кезеңде талшықты-оптикалық байланыс желілеріне қосылуға техникалық мүмкіндік жоқ елдімекендерде байланыс қызметтеріне қолжетімділікті ұйымдастырудың тиімді шешімі. Мұндай жобаларды іске асыру телекоммуникациялық қызметтердің қамту аймағын кеңейтіп, ауыл тұрғындарын интернетке қолжетімділікпен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді", – деді "Қазақтелеком" АҚ Бөлшек бизнес дивизионының Оңтүстік өңірі бойынша Өңірлік орнату орталығының өңірлік менеджері Әсет Ералиев.
Жобаның артықшылықтарын алғашқылардың бірі болып Қызылорда облысы Шиелі ауданының Қодаманов ауылында тұратын Эльмира Төребек бағалады.
"Бұрын интернеттің болмауы көп қиындық туғызатын еді. Қазір балаларым мен немерелерім онлайн оқып, қажетті ақпаратты тез таба алады. Сонымен қатар біз қажетті цифрлық сервистерді пайдалана аламыз. Біздің отбасымыз үшін үлкен өзгеріс деуге болады", – деді ол.

Алматыда 7 жастағы баланы сарышаян шағып алған: Ауруханада оған қарсы вакцина табылмады