Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жетісуда зорлық-зомбылық құрбандарына көмектескен заңгер әйелін ұрғаны үшін сотталды

заңгер әйелін ұрып-соқты
Фото: magnific.com

Жетісу облысында отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына көмек көрсету орталығының заңгері әйеліне күш көрсеткені үшін 200 сағат қоғамдық жұмысқа тартылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Жетісу облысының прокуратурасының мәліметінше, құқық бұзушылық жасаған кезде ер адам тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккендерге көмек көрсететін "Жанұя" отбасын қолдау орталығында заңгер болып жұмыс істеген.

Жәбірленушілердің құқықтарын қорғаумен байланысты кәсіби қызметіне қарамастан, ол өзі жұбайын ұрып-соққан.

Сотта мемлекеттік айыптаушы оның кінәсін толық дәлелдеді.

Сот үкімімен айыпталушыға 200 сағат қоғамдық жұмыс жазасы тағайындалды. Сот шешімі заңды күшіне енді.

Бұған дейін Жамбыл облысында ер адам аяғы ауыр әйелін үйден рұқсатсыз шыққаны үшін ұрып тастағаны туралы жазған едік. Ол 18 жастағы аяғы ауыр келіншегін моланың басына апарып соққыға жыққан. Әйел құрбысына жазған хабарламасында сол жақ бетінің қатты ұрғаннан ісіп кеткенін, сол сәтте соққы салдарынан толғатып ауруханаға түскенін айтқан.

Айым Болатқызы
Жұма, 14 Тамыз, 2026 11:56