Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елена Рыбакина Canadian Open турнирінің финалында жеңіліп қалды

Рыбакина

Фото: sports.kz

Қазақстандық теннисші, әлемнің екінші ракеткасы Елена Рыбакина Торонтода өткен турнирдің финалында әлемнің сегізінші ракеткасы, польшалық Ига Швёнтекке есе жіберді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Шешуші матч 13 тамыздан 14 тамызға қараған түні өтіп, 6:2, 6:3 есебімен аяқталды. Кездесу 1 сағат 16 минутқа созылды.

Швёнтек матч барысында бірде-бір эйс жасамады, бір рет қосарланған қателікке жол беріп, бес брейк-пойнттың төртеуін пайдаланды. Ал Рыбакина бір эйс жасап, төрт рет қосарланған қателік жіберді және екі брейк-пойнттың бірін де жүзеге асыра алмады.

Жеңілістен кейін Рыбакина жанкүйерлеріне алғыс айтып, қарсыласы мен оның командасын турнирді сәтті өткізулерімен құттықтады.

“Сіздерге рақмет. Не айтарымды білмей тұрмын. Бүгін жеңіске жету үшін бар күшімді салдым, бірақ мұным жеткіліксіз болды. Керемет атмосфера үшін көп рақмет. Бұл тамаша турнир болды. Мұнда жақын арада қайта ораламын деп үміттенемін", – деді қазақстандық теннисші.

Айта кетейік, Canadian Open турнирінің жүлде қоры 1 миллион 85 мың 200 долларды құрады. Турнир финалына шыққаны үшін Рыбакина әлемдік рейтингке 650 ұпай қосты. Финалға дейін қазақстандық теннисші қатарынан "Үлкен дулыға" турнирлерінің екі чемпионы – Наоми Осаканы және Кори Гауффты жеңді.

Бған дейін Елена Рыбакинаның Канаданың Торонто қаласында өткен WTA 1000 турнирінің ширек финалында жеңіске жеткені туралы жазған едік. 

Айым Болатқызы
Жұма, 14 Тамыз, 2026 08:34